Бейжіңдегі сапардың төртінші күнінде Нұрсұлтан Назарбаев қытай тілінде сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік сапары әлі де жалғасып жатыр. Бүгін ол Цзянсу провинциясының басшыларымен келіссөздер жүргізді.
Бейжіңдегі сапардың төртінші күнінде Нұрсұлтан Назарбаев қытай тілінде сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан Президентінің Қытай Халық Республикасындағы мемлекеттік сапары әлі де жалғасып жатыр. Бүгін ол Цзянсу провинциясының басшыларымен келіссөздер жүргізді.
"Ни Хао", - деді Назарбаев Цзянсу провинциясы халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы, партия комитетінің хатшысы Лоу Чжицзюнмен кездесу барысында. Кездесуге онымен бірге Цзянсу провинциясының партком істері бойынша басшысының орынбасары, Ляньюнган қалалық парткомының хатшысы, Цзянсу провинциясының сыртқы істері кеңсесінің басшысы мен Ляньюнган қаласының әкімі қатысты.
"Ни Хао", - деп қарсы алды Қазақстан Президентін провинция өнеркәсібінің өкілдері, аудармашы былай аударды: "сәлеметсіз бе, Президент мырза".
© Ақорданың баспасөз қызметі
"Қазақстан үшін Цзянсу провинциясымен ынтымақтастықтың зор маңызы бар. Біз ҚХР басшылығымен уағдаластық бойынша Ляньюньган портында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл - Қазақстанның Тынық мұхитқа тарихи тұрғыдан алғашқы қадам басуы. Мұны ынтымақтастығымыздың басы ғана деп ойлаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл кездесуде қазақстандық тараптан "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Өмірзақ Шүкеев пен ҚТЖ басшысы Асқар Мәмин қатысты.
Мәмин келіссөздердің қорытындысында журналистерге "Қазақстан темір жолының" Цзянсу провинциясымен және Қытайдың Ляньюнган портымен ынтымақтастықты белсенді дамытып жатқанын айтты.
ҚТЖ басшысы Асқар Мәмин Цзянсу провинциясының басшысымен. © Tengrinews.kz
"Осыдан бір жыл бұрын Ляньюнган қаласының портындағы логистикалық терминал жобасын іске асыру басталды, ол әлемдегі ең ірі жиырмалыққа кіреді және қазірдің өзінде 150 мың контейнер өңделді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша бұл көлемді 250 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, ал 2020 жылға қарай 500 мың контейнерге дейін", - деді Мәмин.
Сонымен қатар, ол ынтымақтастықты дамытудың тағы бір маңызды этапы ретінде Қазақстан мен Қытай басшыларының арасында қол қойылған Цзянсу провинциясының "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА индустриалдық паркі мен логистикалық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі инвестициялық құжатты атады. Бұл инвестициялардың жалпы көлемі 600 миллион доллар.
"Бұл жобалар жақын 3-5 жылда жүзеге асырылады. Цзянсу провинциясы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Бүгін кездесу барысында Мемлекет басшысы экономиканың өзге саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді. Қазақстан экономикасының логистикалықтан өзге маңызды салаларында Цзянсу провинциясы ортақ жобаларды іске асыру барысында белсенді қатысатын болады", - деді ҚТЖ басшысы.
© Tengrinews.kz
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қытайға 30 тамыз күні кешке ұшып барды және бұл сапар 3 қыркүйекке дейін жалғасады.