Семейдің әкімі болып Ермак Сәлімов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Семейдің әкімі болып Ермак Сәлімов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Семейдің жаңа әкімін Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов таныстырды. "Мен Семейге ерекше көзқараспен қараймын. Біз қаланың дамуы үшін жаңа мақсаттар қоюымыз керек. Бұл бағытта үлкен жоспарлар бар. Ермак Бидахметұлының тәжірибесі мол, ол жақсы басқарушы. Қалалық әкімдіктің жаңа әкіммен бірге тұрғындарға жақсы жағдай жасайтынына сенімдімін", - деді Ахметов.
Ермак Сәлімов 1957 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ саяси техникалық институтын тау инженер-маркшейдері мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік құқықтық академиясын заңгер мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын ШҚО Глубокое ауданы Ертіс полиметтал комбинатының Березовский кен орнында шахтының жер асты тау мастері болып бастады. 194 жылға дейін Ертіс кен орнында жұмыс істеді. 1994 жылдан бастап 2008 жылға дейін аздаған үзіліспен Глубокое ауданының әкімі қызметінде болды. Кейін ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, Риддер қаласының әкімі қызметінде болды. 2010 жылдан бері Зырян ауданының әкімі қызметін атқарып келеді.
Айта кетейік, Сәлімов Айбек Кәрімовтің орнына келді. Семейдің бұрынғы әкімі қаланы 2011 жылдың қаңтарынан бастап басқарды.