06 шілде 2015 | 11:35

Qazaq Air әуе компаниясы таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астанада Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шараға қатысушылар Qazaq Air компаниясының бірінші бортын көрсетті - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.  


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шараға қатысушылар Qazaq Air компаниясының бірінші бортын көрсетті - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.  

Qazaq Air әуе компаниясының бағыттар желісі 12 маршруттан тұрады, олардың басым бөлігі Қазақстан өңірлері арасында қонбай ұшырылатындар. Әуе компаниясы қызметінің бірінші кезеңінде мына бағыттарда ұшады деп жоспарланған: 

- Алматы-Қостанай аптасына үш рейске дейін,
- Алматы-Шымкент - аптасына сегіз рейске дейін,
- Алматы-Павлодар - аптасына үш рейске дейін, 
- Алматы-Астана - аптасына 7 рейске дейін,
- Шымкент-Павлодар - аптасына 2 рейске дейін,
- Шымкент-Қызылорда - аптасына 3 рейске дейін,
- Шымкент-Ақтөбе - аптасына үш рейске дейін, 
- Ақтөбе-Қостанай - аптасына 3 рейске дейін,
- Актөбе-Атырау - аптасына 3 рейске дейін,
- Алматы-Талдықорған - аптасына 3 рейске дейін,
- Алматы-Балхаш - аптасына 3 рейске дейін,
- Астана-Балхаш - аптасына 3 рейске дейін.

Орташа ұшу қашықтығы - 800 шақырым. Бірінші рейстің ұшырылуынан кейін жыл бойында ұшырылу уақыты тәулігіне 7,3 сағатқа, яғни күніне төрт рейске дейін жасау жоспарланып отыр. Әуе компаниясының қызметінің бірінші жылында жолаушылар ағымы 250 мыңға жетеді деп болжанып отыр. 

Таныстырылымда ұсынылған Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы әуе компаниясында бар үш борттың бірі. Мұны компания осы аттас концерннен тапсырыспен алдырған. "Бұл заманауи турбовинт ұшағы, оның бірегей техникалық мүмкіндіктері, шұғыл иілгіштігі және жолаушыларға деген жайлылығы бар. Бұл модельдің жылдам ұшатын нұсқалары осы түрдегі ұшақтардың ең биігі саналады, ал жанармай шығыны реактив ұшақтарға қарағанда 30 пайызға аз келеді", - делінген таныстырылым кезінде таратылған баспасөз хабарламасында.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың ақпан айында отандық тағы бір әуе компаниясының құрылатыны жайлы мәлімдеген болатын. 2015 жылдың мамыр айында "Самұрық-Қазына" ҰБҚ еншісіндегі Qazaq Air компаниясын құрды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети