The Spirit of Eurasia 2019 заманауи этникалық музыка фестивалі бүгін басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
The Spirit of Eurasia 2019 заманауи этникалық музыка фестивалі бүгін басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі күндік ауқымды шоу 5-6 шілде аралығында EXPO аумағында жазғы сахнада болады. Концерт сағат 17.00-де басталады, кіру тегін. Іс-шара Қазақстандағы Жастар жылы аясында Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен өтеді. Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақ үйі қарсы алады. Фестивальдің ресми суы - Calypso.
KHOOMEI BEAT тобы - тывалық музыканттардың жаңа буынының жарқын өкілі. Ұжым тывалық көмеймен ән салу өнерін халық музыкалық аспаптары - игиль, бызаанчы, барабан, бас-гитара, клавиш аспап және виолончельмен біріктіре отырып, насихаттайды. Музыканттар тывалық фолк, рок, джаз және поп-музыканы біріктіре отырып тыңдарманға халқының тарихы мен салт-дәстүрін жеткізеді.
"Біз фестивальді жылы шырайлы, көңілді, жақсы атмосферасы үшін жақсы көреміз. The Spirit of Eurasia-ға бүкіл әлемнен өте танымал кәсіби музыканттар келеді. Биыл фестивальден күшті энергетика мен бүкіл әлем бойынша жаңа музыканттармен таныстықты күтеміз. Сонымен қатар, әрине, қазақстандық көрермендердің энергиясын сезінгіміз келеді. Сондықтан, Қазақстан 5-6 шілдеде көреміз", - деді өнерпаздар.
Таулы Шориядан келген әнші Chyltys-тың ән айту шеберлігін сипаттау мүмкін емес. Әншінің дауысы бірегей, ол ең жоғары ноталардан көмейден шығатын, мүмкін емес болып көрінетін тембрге дейін даусын құбылтады - бұл әйел дауысы үшін өте сирек кездеседі. Ол батырлар поэмасын айтады - батырлар туралы әңгіме, ертегі мен аңыздар, жұмбақ, мақал-мәтелдер, сондай-ақ, аңшы, үйлену тойы, махаббат және тарихи әндерді орындайды. Chyltys - жай ғана әнші емес, ол шамандардың бесінші ұрпағы және Сібір тайгасында өмір сүретін саны шамамен 12 мың ғана адам болатын жоғалып бара жатқан халықтың өкілі.
"The Spirit of Eurasia фестивалін кәсіби ұйымдастырушылары үшін жақсы көремін. Өз ісін ұйымдастырушылар да, қонақ музыканттар да сүйеді, сол үшін мен оны жақсы көремін. Бұл фестивальді тәңір қолдайды, қорғайды, менімен көбі келіседі деп ойлаймын. Биыл бұрығыдан да күшті көңіл-күй мен мәдени көкжиектің кеңеюін күтемін, фестивальге келетін жаңа топтармен танысқым келеді. Жаңа музыка мені де, барлық Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтарын рухани байытады. Келіңдер!"- деді әнші.
The Spirit of Eurasia екікүндік музыкалық шоуы - 2012 жылы Tengri FM радиостанциясы құрған The Spirit of Tengri халықаралық жобасынан шыққан фестиваль. Бұл мультимәдени жобаның мақсаты - Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасын Қазақстан жеріндегі заманауи EthnoWorld-музыканың ең танымал өкілдерін біріктіре отырып таныстыру.
The Spirit of Eurasia фестивалі 5 және 6 шілдеде EXPO аумағында жазғы сахнада өтеді, басталуы - 17.00-де, кіру тегін!