Жыл соңына дейін Қазақстан АИ-92 жанармайының 272 мың тоннасын импорттайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жылдың соңына дейін Қазақстан АИ-92 жанармайының 272 мың тоннасын импорттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жылдың соңына дейін Қазақстан АИ-92 жанармайының 272 мың тоннасын импорттайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" шығындала отырып, ең көп импортты іске асырады. Қазақстанда шілде-қыркүйек айларында АИ-92 жанармайының 68,5 мың тоннасын тасымалдауға келісімшарт бекітілді. Қазан-желтоқсан айларында АИ-92 жанармайының 272 мың тоннасын импорттау жоспарланып отыр. Республикадан мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалдануына тосқауыл қою үшін шекаралық аймақтарда, соның ішінде, Ресеймен, басқа да көршілес елдермен арада бақылау күшейтілді. Бұған қоса, ішкі нарық қажеттілігінің жартысы Қытайдан толлинг операциялары аясында қанағаттандырылды. 9 айда 285 мың тонна көлемінде ашық түсті мұнай өнімдері жеткізілді", - деді ол.

Қарабалиннің айтуынша, бүгінде жанар-жағармай нарығындағы ахуал тұрақталып келеді. Көп облыста май құю бекеттеріндегі шектеулер алып тасталды. Келешекте мәселені шешу үшін мұнай өнімдерінің ішкі нарығын тұрақтандыру жөнінде іс-шаралар жоспары жасалды, ол бірнеше күн бұрын мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды. Мұнай өнімдері импорты географиясын кеңейту, толлинг операциялары аясында салықтық жеңілдіктер мерзімін ұзарту, "Қазақстан Темір Жолы" үшін дизель отынының қосымша қорын құру, АИ-92 жанармайының тұрақтандыру резервін жасау және газ-мотор отынын қолданатын гибрид двигателі бар көлікті қолдануды ынталандыру жөнінде шаралар қолға алынды. 

Еске сала кетейік, 21 тамыз күні Қазақстанның ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мұнай өнімдерінің шектік бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Сөйтіп, АИ-92/93 жанармайларының бағасы литріне 128 теңге болып жоғарылады. Кейін Қазақстанда жанармай тапшылығына байланысты дүрлігу туындады. 

16 қыркүйек күні Қарабалин ОКҚ брифингінде қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында қыркүйек айында 250 мың тонна деңгейінде жанармай өндіру, оның ішінде, АИ-92 бензинін 186 мың тонна деңгейінде өндіру жоспарланып отырғанын айтты. Ал отынның бұл түріне республикадағы сұраныс - 280 мың тонна. Қарабалиннің айтуынша, нарықты жанар-жағармайдың сұранысқа ие түрлерімен толтыру үшін "ҚазМұнайГаз"-ға мұнай өнімдерін шетелден импорттау жүктелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro