02 ақпан 2015 | 18:16

Қазақстанда құс фабрикалары шығынға ұшырап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы құс фабрикаларының қоймаларында 2 ақпан күнгі мәлімет бойынша 11 мың тонна құс еті мен 53 миллион жұмыртқа көлемінде қалдық қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан құс өсірушілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері Қазақстан нарығында отандық құс фабрикаларының өнімдеріне сұраныс азайған.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы құс фабрикаларының қоймаларында 2 ақпан күнгі мәлімет бойынша 11 мың тонна құс еті мен 53 миллион жұмыртқа көлемінде қалдық қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан құс өсірушілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері Қазақстан нарығында отандық құс фабрикаларының өнімдеріне сұраныс азайған.

Баспасөз қызметі салыстырмалы түрде өткен жылғы өндіріс көрсеткіштерін келтірді, 2014 жылы Қазақстанда 148 мың тонна құс еті мен 4,2 миллиард дана жұмыртқа өндірілген. Қазақстан құс өндірушілері одағының мәліметінше, отандық өнімдердің өтпей қалуына ресейлік рубль бағамының төмендеуі себеп болған. 

"Қазір еліміздегі әмбебап дүкендердің сөрелерінде арзан бағадағы ресейлік тауар толып тұр. Көршілес елдердегі ірі өндірушілер қазақстандық өндірушілерді өз нарығымыздан ығыстырып жатыр, себебі Беларусь, Ресей мен Украинадан келетін тауарлардың бағасы отандық тауарлардың бағасынан төмен", - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ресейден әкелінетін құс етінің әр келісі 2014 жылдың қараша айына дейін 397 теңге болған, ал жұмыртқаның әр данасы 19 теңгеден сатылыпты. Соңғы үш айда құс етінің әр келісі 280 теңгеге, жұмыртқаның данасы 14 теңгеге дейін арзандаған. Ал отандық өндірістегі құс етінің өзіндік құны 400 теңге, ал жұмыртқа 13,8 теңгеге түседі. Сөйтіп құс етінің келісі 468 теңге, ал жұмыртқаның әр данасы 14-15 теңгемен сатылады. Мамандар отандық өнімнің өзіндің құнының жоғары болуын тұқымдық базаның, мал дәрігерлік препараттардың, алғы қоспа мен тағы басқа қажеттіліктердің жоқтығымен түсіндіріп отыр. Бұлардың барлығы шетелден әкелінетіндіктен шыққан шығын өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер етеді.

Қазақстан құс өсірушілер одағының басшысы Руслан Шәріповтің айтуынша, елімізде импорт тауарларының бағалары қадағаланбайды, сондықтан қазірдің өзінде көптеген құс фабрикасы өнімінің көлемін азайтып, кейбіреулері өндірісті мүлдем тоқтатуға мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін құс фабрикаларына мемлекеттен көмек берілетіні хабарланған еді. Ақпан айынан бастап фабрикалары 215 мың тонна жемді арзан бағамен сатып алатын болады. 22 қаңтар күні Қазақстан құс өсірушілер одағы "құстардың азығы ретінде таңдалған 4-класты астықтың тоннасы 37 500 теңгеден болады, ол еліміздің солтүстігіндегі элеваторлардан алынады" деген мәлімет таратты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети