Астанада "Мұражайдағы түн" акциясы өтеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы әкімдігінің өкілдері 14-30 мамыр аралығында өтетін мәдени шаралардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласы әкімдігінің өкілдері 14-30 мамыр аралығында өтетін мәдени шаралардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары 14-30 мамыр аралығында сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында "Ұлы дала мұрасы" қолданбалы өнер көрмесі, "Қазақстандық суретшілердің шығармалары" атты көрмесі, "Оқушылар сарайы" МКҚК-мен бірлескен "Менің ңұрлы әлемім" қолөнер көрмесі, Астана қаласының жастар бірлестігімен бірге ұйымдастырылған көркем көрмесі, ҚазҰӨУ бірлескен қолданбалы және көркемөнер көрмесі,суретші Өмірбек Тілеулиевтің жеке көркем көрмесі, С. Мүсіреповтың "Жаңа бастау" атты жеке көрмесі, 1941-1945 жылдардағы Жеңіс күні мерекесіне арналған көркемөнер көрмесі, "ШАГ" Академиясының фотокөрмесін тамашалай алады.

"14 мамырда сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақынСерік Сейітманның "Қара шаңырақ" атты ән-жыр кеші өтеді.

18 мамырда сағат 18:00-де Тәуелсіздік сарайында "Мұражайдағы түн" бүкіләлемдік акциясы өтеді.

18 мамырда сағат 16:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында "Шаттық - 2018" байқауының гала-концерті өтеді.

18-20 мамырда сағат 12:00-де және14.00-де Қуыршақтар театрында А. Салаева "Жалқаудың айласы" ертегісін қояды.

18 мамырда сағат 18:00-де "Астана" концерт залында Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы үрлемелі оркестрінің "Астанаға-20 жыл" атты концерті, 19 мамыр сағат 17:00-де Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы "Қорқыт" дәстүрлі саз тобы және халық вокал орындаушыларының "Астанаға - 20 жыл" атты концерті, 19 мамырда сағат 18:00-де "Жүрегім менің жылайды" концерті, ал 20 мамырда сағат 15:00-де және сағат 19:00-де "Сағындырған әндер-ай" атты қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті өтеді.

Ал 19 мамырда 15:00-де "Жастар" сарайында "Сарайымыздың балалары!" атты "Жастар" сарайының шығармашылық ұжымының есеп беру концерті өтеді", - делінген әкімдіктің сайтында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro