Елу жыл бiр әйелмен тұру не деген азап…
Қалтай Мұхамеджанов ағамыз: «Креслоға отырғызып қойып, екi сағат сенi мақтағанда, Құдай-ай, соған шыдап отырудың өзi бiр батырлық» деушi едi. Мен 75 жасқа толып, салтанатты жиын өткенде ел-жұрт шығып Оразбаевтың жасаған рөлдерiн, шеберлiгiн айтып жатты. Бiр кезде бiрге оқыған досым Асанәлi шықты мiнбеге.
– Бәрiң мақтадыңдар Оразбаевты, ал ендi мен кемшiлiгiн айтайын, – дедi. Жұрт елең ете қалды.