“Мұздай (суық) су туралы сыр”
Кішкентай кезімнен бастап тамағым ауырады.
Ангина атты "құрбымыз" сәл бірдеңе болса күшіне мініп шыға келетінін қайтерсің? Шөлдегенде салқын су ішсем де сол ангина, бірдеңеге ренжіп қалсам да сол ангина... (күлмеңіз, дер кезінде шәй ішпесем де сол ангина...)
1996-шы жылдың 29-ақпаны ғой деймін... Осы ерекше бір туған күнімде сырқаттанып тұрсам да шаруалармен Темірлан жақтағы бауырларыма қонаққа бардым. Шынымды айтсам, әрбір төртінші қыс соңында үйіне сүйретіліп әрең жеткен мас секілді туған күнді атап өтпек түгілі өз басыммен (тура мағынасында) әуре болып кеттім, дәл сол кеште... Тамақ дерті күшея бастаса, бастың да маза ала бастайтын әдеті бар еді. Әбден “итім шықты”, қысқасы... Тап сол кезде Иванов қарияның “суық сумен шайыну тәсілі” сәнге айналып, газет пен журналдар бұл туралы жарыса жазып жатты.