Даму Банкінің басшысы Болат Жәмішев Ұлттық банктің келесі төрағасы боласыз ба деген сұраққа мардымды жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Даму Банкінің басшысы Болат Жәмішев Ұлттық банктің келесі төрағасы боласыз ба деген сұраққа мардымды жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жауаптардың қандай нұсқасы бар?", - деді Жәмішев, журналистердің Ұлттық банктің келесі төрағасы боласыз ба деген сұрақтарына жауап беріп.
"Бұл рас па, жоқ па?", - деп нақтылады БАҚ өкілдері "Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар" бағдарламасын талқылау бойынша басқарушы комитет отырысының кулуарында берген Даму банкі басшысының сұхбаты барысында.
"Залдың көмегі? Досыма қоңырау шалу? Жақсы, онда досыма қоңырау шалуды қолданайын", - деп жауап берді Болат Жәмішев.
"Кімге қоңырау шаласыз? Келімбетовке ме?", - деп сұрады журналистер.
"Көремін, кімге қоңырау шалсам да, менің құқығым ғой. Қалғанын өздеріңіз ойланып аласыздар. Ғайбаттауға менің керегім жоқ қой", - деді де, салмақты жауап бергенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдарында Келімбетовтің қызметінен кететіні туралы ақпарат дереккөздеріне сілтеме жасап таралды. Бірақ бұл ақпаратты Ұлттық банк жоққа шығарды. Ақпарат құралдарының кейбірі Ұлттық банктің төрағасы Болат Жәмішев болуы мүмкін деп хабарлады.