Қырғызстанның атауын "Қырғыз Эл" деп өзгертуді ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Феликс Құлов. ©lenta.ru Феликс Құлов. ©lenta.ru

Қырғызстандағы "Ар-Намыс" парламенттік фракциясы елдің атауын Қырғыз Республикасы немесе Қырғыз Эл Республикасы деп өзгертуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутаттар фракция отырысында айтты. Елдің атауын өзгерту туралы мәселені 2015 жылдың қазан айында бүкілхалықтық референдумға шығару жоспарланып отыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстандағы "Ар-Намыс" парламенттік фракциясы елдің атауын Қырғыз Республикасы немесе Қырғыз Эл Республикасы деп өзгертуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы депутаттар фракция отырысында айтты. Елдің атауын өзгерту туралы мәселені 2015 жылдың қазан айында бүкілхалықтық референдумға шығару жоспарланып отыр.

"Біз екі нұсқаны ұсынамыз. Біріншісі - "Қырғыз Республикасы". Бұған елдің көне атауы негіз болады, біз мемлекеттілігіміздің тарихында болған "Қырғыз Мемлекеті" атауына ораламыз. "Қырғыз Республикасы" тіркесі өзге тілдерде де солай аталатын болады және септелмейді. Екінші нұсқа - "Қырғыз Эл Республикасы". Юдахиннің сөздігінде "эл" сөзінің ел, халық, мемлекет деген бірнеше мағынасы бар. Айтпақшы, Қазақстанда да мемлекеттің атауын "Қазақ Елі" деп өзгерту мәселесі көтерілді. Ал бұл мәселені тұңғыш болып, өздерін "Марий Эл Республикасы" деп атаған Ресейдегі автономиялық құрылымдардың бірі қолға алды", - деді "Ар-Намыс" парламенттік фракциясының жетекшісі Феликс Құлов.

"Ар-Намыс" депутаттары "стан" жұрнағының парсы тілінен шыққанын және қырғыздарға еш қатысы жоқ екенін айтады. Бұған қоса, депутаттар "Қырғызстан" сөзі Қырғыз КСР-і құрылған кеңес заманында пайда болғанын да алға тартып отыр. Еске сала кетейік, ақпан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Уақыт өте келе біздің еліміздің атауын "Қазақ елі" деп ауыстыруға көшу мәселесін қарастыру керек шығар, бірақ алдымен мұны халықпен бірге талқылап алу қажет", - деп мәлімдеген болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro