Шетелдік журналистердің Владимир Путин Белоруссияға танкпен келеді деп үрейлендірген сөздері Беларусь президенті Александр Лукашенконың күлкісін келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Шетелдік журналистердің жанымды күйдіріп, "міне диктатура, Украинадан кейін Путин енді сендерге де танкпен келеді" деген сөздері күлкімді келтіреді. Бізге ешкім де, ешқашан да танкпен келмейді" - деді Лукашенко "Беларуськалия" ұжымымен кездесуі барасында.
Лукашенконың сөзіне қарағанда, Белоруссияны экономикадан өзге ештеңе және ешкім төңкере алмайды. "Егер бізде кәсіпорындар жұмыс істеп тұрса, өндірген өнімдерімізді сатып отырсақ, бізге ештеңеден де қауіп жоқ" - деді Лукашенко.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Лукашенко Вован деген есіммен белгілі телефон бұзақысының әзіл әрекетіне тап болған еді. Ол өзін Виктор Януковичтің ұлымын деп таныстырып, өз әкесі үшін Белоруссиядан саяси баспана сұраған, ал Лукашенко келісімін берген болатын.