19 ақпан 2014 | 17:57

Жүлде алып үйренбегенбіз әлі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет speedskatingpictures.com сайтынан Сурет speedskatingpictures.com сайтынан

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Саютин қарамағындағы қыз-жігіттеріміздің Сочи Олимпиадасындағы көрсеткіштеріне тоқталып, өз бағасын берді. – Спортшыларымыздың Сочи Олимпиадасындағы көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталар болсақ, жалпы, олар жаман өнер көрсеткен жоқ. Денис Кузиннен бастар болсақ, оның жүлдеге таласа алатын қабілеті бар еді. Бірақ ол – өз өмірінде үш-ақ рет жеңіс тұғырына көтерілген спортшы. Бірінші рет – әлем чемпионатында, екі рет – әлем кубоктарының кезеңдік жарыстарында. Рас, соңғы екеуінде әлемнің ең үздік конькишілерінің бәрі қатысқан жоқ... Міне, осы оны қатты толқытты, яғни жүлде алудан тәжірибесінің аздығы кесірін тигізді. 1000 метрлік бәйге алдында ол әжептәуір қобалжыды. Сөреде тұрғанында да ішкі толғанысын тарқата алмай қойғанын сездім. Орнынан ытқи жөнеліп, жүгіріп кеткенінше жауапкершілік жүгінен арыла алмады. Ол сол жауапкершілік жүгіне күйіп кетті. Әйтпесе, жүлдеге іліге алатындай әлеуеті бар еді. Қырсық шалғанда, жеребесі де ауыр түсті. Соңғы жұпта жүгіргендігі де кері әсерін тигізді. Өзімен бір жұпта жүгірген сыңары осал спортшы еді. Иық тіресіп, бәсекелесе алмады. Қалыспай, тайталасып, бәйге көрігін қыздырғанында, Денис те қарқынын үдете түсер еді. Роман Креч риза қылды. Көсіле шапты. Бірақ бұл жігіт – жарақаттан «көз ашпай» жүрген спортшы. Дәл қазір спорттық бабында болғанымен, толыққанды дайындық циклінен өткен жоқ. Екатерина Айдова сенімді ақтай алмады. Одан алға жылжу байқалмады. Бірақ оның да себебі бар. Ол биыл екі рет жарақат алды. Әуелі басын жарақаттап алды. Міне, осының бәрі кесірін тигізді. Дайындығы ойдағыдай болмады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети