Универсиада-2017 ашылу салтанатында көпұлтты бейнелі Қазақстан көрсетіледі, бұл туралы Универсиада-2017 директоры Илья Оразақов Алматыда тілшілермен кездесуінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Универсиада-2017 ашылу салтанатында көпұлтты бейнелі Қазақстан көрсетіледі, бұл туралы Универсиада-2017 директоры Илья Оразақов Алматыда тілшілермен кездесуінде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, ашылу және жабылу салтанаты - маңызды әрі негізгі сәттердің бірі. Ол шетел мамандарының тартылатынын айтты, алайда онда өнер көрсететіннің барлығы қазақстандық әртістер болады. Оразақов ойындардың ашылу және жабылу салтанатын жете бағаламауға болмайтынын ескертті.
"Біз салтанаттың концепциясын, оның қалай өтетінін анықтағымыз келеді. Мұнда 4-5 агенттік қатысады, өз концептін ұсынатын Ресей, Франция, Италия өкілдері бар", - дейді Оразақов. - Режиссерлік топта шетелдің 6-7 персоналы бар. Онда қойып отырған мақсатымыз - статистердің мазмұны да, әртістер де қазақстандық болуы керек. Әзірше жарық беру жөнінде жаңашыл идеямыз жоқ. Салтанатты рәсімнің дайындығына шамамен 5 мың адам қатысады, олардың 7-8-і ғана шетелдік болады - олар идеялық шабыттандырушылар, біздің жігіттер олармен бірге жұмыс істейді".
Оразақов рәсімде не болатыны жайлы алдын ала елестетуге келетін жағдайларды айтып берді. "Біз көпұлтты бейнелі Қазақстанды көрсеткіміз келеді, бұл рәсімнің барлық режиссурасы өтуі тиіс басты желі", - дейді спикер. - Алайда біз біреулерді халықаралық жұлдыздармен, танымал адамдармен таңғалдырғымыз келмейді. Бірден айтайын, мұндай болмайды (...)", - деді Оразақов.
Универсиада директоры Универсиада-2017 дайындығына қанша қаражаттың жұмсалатынын атауға қиналды. Бүгінге дейін 1,5 миллиард теңге жаратылыпты. Оның айтуынша, нақты сома алдағы үш аптада анықталады. Бірақ, Оразақовтың айтуынша, Универсиада Азиада-2011-ден арзан болады.
Еске сала кетейік, 2017 жылы өтетін ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы Алматы қаласында өткізу туралы ресми шешім 2011 жылдың 29 қарашасында Брюссельде Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) дауыс беруінде қабылданған еді.
2017 жылы өтетін Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу мен ұйымдастыру бойынша келісімшартқа FISU, Алматы қаласы мен ҚР Ұлттық студенттік спорт федерациясының жетекшілері қол қойған.