Бүгін Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі басталады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталады. Кеш екі күн өтеді - 20-21 мамыр. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Бұл жолы фестивальге 13 музыкалық топ қатысады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Алматыда The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Абай атындағы Республика Сарайында сағат 17.00-де басталады. Кеш екі күн өтеді - 20-21 мамыр. Айта кетейік, бұл фестиваль биыл бесінші рет өтіп жатыр. Бұл жолы фестивальге 13 музыкалық топ қатысады.

Қазақстан атынан "Тиграхауд" және "Алдаспан" этникалық рок-тобы, диджейлер: Nariman Issenov, Arsen Superfly, Rustam Ospanoff, Roman Bazhanov, сондай-ақ, "Барабаны Алматы" жобасы шығады. Сонымен қатар, іс-шарада Тываның Huun Huur Tu тобының шығармашылығымен танысуға болады. Олар сахнаға америкалық диджей Кармен Риццомен шығады. Ал орыстың халық әндерін Башқұрстаннан келген "Катя Ямщикова" атты фольк-жобаның қатысушылары таныстырады. Ал қалған музканттар The Spirit of Tengri сахнасында бірінші рет өнер көрсетеді. Олардың қатарында Oki Dub Ainu Band, Гвинеядан келген Sekou Kouyate, Роберт Юлдашевтың ұжымы - башқұрстандық "Курайсы" тобы, Литваның Marga Muzika тобы, Алжир мен Франциядан келген Speed Caravan, Бурятиядан Shono, сондай-ақ, Израильден келген Dudu Tassa & The Kuwaitis тобы бар.

Литвалық Marga Muzika тобының музыканттарының айтуынша, олар фестивальдан жаңа достар мен көптеген мүмкіндіктерді күтеді. Айта кетейік, Marga Muzika тобы әндерді литва, латвиялық, белорус, поляқ, тыва және көптеген басқа тілдерде орынайды. Музыканттар шығармашылығында халық әндері мен заманауи аспаптардағы әндерді біріктіреді. Литваның халық әндеріне джаз, поп, рок және прогрессив сияқты музыка стильдерін қоса отырып, бүгін қазақстандықтарды таңғалдырамызы", - деді музыканттар.

Айта кетейік, Marga Muzika тобы Қазақстанға алғаш рет Алматыдағы Алматыдағы литвалықтардың қауымдастығы мен дизайн және сәулет студиясының (StudioDA) қолдауымен келіп отыр. Өз кезегінде StudioDA басшысы Агне Григаравичуте литвалықтардың The Spirit of Tengri фестивалінде өнер көрсетуін армандағанын айтып өтті. ЭҚазақстан халқына және осында тұратын барлық адамға біздің мәдениетімізді, қалай өмір сүретінімізді, қалай ән айтатынымызды көрсету менің арманым болған еді. Арманым орындалды", - дейді Григаравичуте.

Сондай-ақ, биыл Израиль музыканттары The Spirit of Tengri фестивалінде алғаш рет өнер көрсетеді. Олардың атынан Dudu Tassa & The Kuwaitis жобасының музыканттары шығады. Айта кетейік, Dudu Tassa & The Kuwaitis жобасы тек батыста емес, сондай-ақ, шығыс елдерінде жоғары бағаға ие болды. Музыканттар Франциядағы Babelmed Music Showcase шоуы, АҚШ-тағы SXSW Showcase фестивалі, World Music Expo сияқты танымал фестивальдерде өнер көрсетіп жүр. Ал 30 наурызда музыканттар Майамиде Radiohead тобының шоуында алғашқы болып көрсетті.

"Біз шабыттанып тұрмыз әрі қатты уайымдап тұрмыз. Біріншіден, біз Қазақстанға бірінші рет келіп отырмыз, екіншіден бізге концертке көп адам келетінін айтты. Көп адам келсе біз қатты шабыттанамыз. Көрермендерді асыға күтеміз", - дейді Dudu Tassa & The Kuwaitis жобасының өкілі.

Айта кетейік, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro