Алматы колледжіндегі жарылыс ісіне қатысты айыпталғандар сот алдына келді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жарылыстан кейінгі сән және дизайн колледжі. © Владимир Прокопенко Жарылыстан кейінгі сән және дизайн колледжі. © Владимир Прокопенко

Алматыда сән және дизайн колледжіндегі жарылысқа қатысты сот тергеуі басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешімет хабарлады. Еске сала кетейік, Алматы колледжіндегі жарылыс 2014 жылы қарашада болған еді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда сән және дизайн колледжіндегі жарылысқа қатысты сот тергеуі басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешімет хабарлады. Еске сала кетейік, Алматы колледжіндегі жарылыс 2014 жылы қарашада болған еді.

Сотталушылар орындығында алғашқы әскери дайындық пәнінің үш мұғалімі отыр - Ғабит Қарабалаев, Юрий Гавриленко және Серік Баймолдинов. Мұғалімдердің барлығы "Қару-жарақты заңсыз сақтады" деп айыпталып отыр, ал сабаққа әскери снарядты алып барған Қарабалаевқа тағы екі пункт бойынша айып тағылды: "Абайсызда қазаға ұшырату" және "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру".

Колледждегі жарылысқа қатысты 4 сәуірде өткен алдын ала тыңдау аяқ асты аяқталды. Зардап шеккен студенттердің туыстары Қарабалаевқа кешірім берді. Еске сала кетейік, Алматы сән және дизайн колледжіндегі жарылыс 17 қараша күні сағат 08.40-та алғашқы әскери дайындық сабағында болды. Іс материалдарына қарағанда, Қарабалаев колледждің бірінші курсының №9 тобына сабақ беріп жатқан. Ол оқушыларға РГД-5 гранатасының құрылымын көрсетіп жатқан, бұл гранатаны ол алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімі Юрий Гавриленкодан алыпты. Қарабалаев гранатаны оқушыларға беріп, оның мұрындығын тартуға болмайтынын ескерткен. Үзіліс кезінде ол гранатаны партаның үстіне қалдырған. Сол кезде студенттердің бірі мұрындықты тартып қалады да, жарылыс болады. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro