Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша ұсталған үш күдіктінің қамаудағы мерзімі үш айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша ұсталған үш күдіктінің қамаудағы мерзімі үш айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісіндегі үш күдіктінің қамаудағы мерзімін үш айға ұзартты.
Ұсталғандар Мейірбаев, Әжімбай, Тихоненко және Шерстеневтердің ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2 бөлігінің 7-пункті ("Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру") бойынша күдікке ілінгені хабарланып отыр.
Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.