03 наурыз 2016 | 18:06

ОҚО-да мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары мен әріптестерінің ұрысы атысқа ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Шардара қаласындағы Амангелді Иманов атындағы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өз әріптестерімен кездесуі кезінде оқ атқан, - деп хабарлайды TVK. Оған қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүргізілді. Іс сотқа жолданды.


Иконка комментария блок соц сети

Шардара қаласындағы Амангелді Иманов атындағы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өз әріптестерімен кездесуі кезінде оқ атқан, - деп хабарлайды TVK. Оған қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүргізілді. Іс сотқа жолданды.

 

Оқиға Шардара қаласында 2015 жылдың 29 желтоқсанда болған. Алкоголь ішкен мұғалімдердің Оңдасынов көшесінде жиналғаны хабарланып отыр. БАҚ-тың мәліметінше, бастапқыда директордың орынбасары қақтығысқа араласпай, үйіне кетіп қалғысы келген. Бірақ аңшылыққа арналған қару алып келіп, ата бастаған. "Ол мас күйде ауыр қылмыс жасады, қоғамдық орында аңшылыққа арналған қарудан бірнеше рет оқ атқан", - деп хабарлады Шардара аудандық тергеу бөлімінің басшысының орынбасары Мұрат Халмұратов.

Оқу мекемесінің өкілдері 31 жастағы ер адамның бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын хабарлады. Ол бір жыл бұрын орынбасар қызметіне көтерілген. "Мен аңшымын. Иә, қоғамдық орында аттым. Мен ешкімді өлтірген жоқпын ғой! Өлтіруім мүмкін емес. Ешкім зардап шеккен жоқ, ешкім жарақат алған жоқ, ешкім арыз жазған жоқ. Істе білім беру жұмысшыларының аты аталған соң шу шығып кетті", - деді педагог өз ісі жайлы.

Оның сол күйі мектепте жұмыс істейтіні, балаларға сабақ беріп жүргені айтылады. Білім беру мекемесінің директоры Нұрғали Ибрайым өз орынбасарынан мұндай әрекет күтпегенін мәлімдеді. "Ол менің орынбасарым, 1985 жылғы. Шымкентте білім алған. Білікті маман. Бұл оқиға жайлы естідік. Өзі келіп, айтып берді. Бірақ маған ешкім мәлімет берген жоқ. Тергеу жүріп жатыр", - деді директор.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети