Александр Винокуров үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Винокуров. ©skysports.com Александр Винокуров. ©skysports.com

Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровқа қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі анықталатын болса, онда Винокуров үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Skysports.com порталына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровқа қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі анықталатын болса, онда Винокуров үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Skysports.com порталына сілтеме жасап. 

Еске салайық, бұған дейін еуропалық ақпарат құралдары Бельгия прокуратурасы Александр Винокуров ресейлік спортшы Александр Колобневке пара берді деп хабарлаған еді. Тергеу мәліметі бойынша, 2010 жылы Винокуров бір күндік "Льеж - Бастонь - Льеж" бәйгесінің мәресінде Колобневтің жеңіліп қалуы үшін оған 150 мың еуро берген. 

Skysports.com порталы Льеждегі прокуратура екі шабандозға да жемқорлық фактісі бойынша айып тағылғанын, сот отырысы 2015 жылдың басында өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ портал егер Винокуровтың кінәсі дәлелденсе, ол алты айдан 36 айға дейін бас бостандығынан айырылып, 600 еуродан 300 мың еуроға дейін айыппұл төлеуі мүмкін екенін айтады.

Бірақ спортшы өзіне тағылған айыпты тек қоғамда шу шығару әрекеті деп теріске шығарып отыр. "Бұл - бұрыннан келе жатқан тақырып. Мүмкін біреуге бұл жағдайды әдейі пайдаланып, резонанс тудырып, бұл тақырыпта өз атын шығару тиімді шығар. Менің алып-қосарым жоқ. Мен ешкімді, ешқашан сатып алған жоқпын. Иә, тергеу жүріп жатыр. Жаңалық жоқ кезде кейбіреулер бұл тақырыпты түртпектеп, шу шығаруға тырысады", - деді ол.

Велошабандоздардың халықаралық одағы Александр Винокуров пен Александр Колобневтің 2012 жылы пара алуы мүмкін деген айыптарына қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Тергеудің басталуына Corriere della Sera басылымының жарыс аяқталған соң Винокуров пен Колобневтің электронды почта арқылы хат алмасқандарын жариялап жіберген материалы себеп болып отыр. Бүгінгі таңда Винокуров - "Астана" велокомандасының бас менеджері. Ал Колобнев ресейлік "Катюша" клубында өнер көрсетеді.

Айта кетейік,  кеше ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиада чемпионы, "Астана" велоклубының бас менеджері Александр Винокуровқа "Дене шынықтыру және спортты дамытудағы еңбегі үшін" құрмет белгісін тапсырды. "Бүгінде Қазақстанда велоспортқа деген қызығушылық артып келеді. Бұл – әрине, бірінші кезекте, "Астана" командасы мен  біздің олимпиада чемпионымыз Александр Винокуровтың ерен еңбегінің жемісі", - деді А.Мұхамедиұлы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro