Назарбаев Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің басшысын таныстырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына осы мекеменің жаңа бастығы Ардақ Әшімбекұлын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына осы мекеменің жаңа бастығы Ардақ Әшімбекұлын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Еске салайық, Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды.

Ардақ Әшімбекұлы заңнамаға сәйкес ант берді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ардақ Әшімбекұлының тәжірибесі мол екенін атап өтіп, оның кәсіби біліктілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратынына назар аударды.

"Ел қауіпсіздігі жүйесінде Мемлекеттік күзет қызметінің рөлі айрықша. Бұл алдарыңызға қойылған міндеттердің ерекшелігіне байланысты", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Күзет қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін бүгінде барлық құқықтық және материалдық-техникалық жағдай жасалғанын атап өтті.

"Қауіп-қатерді тойтаруға әрдайым дайын болу, жаңа сын-қатерлерге бейімделу, қатерлердің алдын алуға және ауыздықтауға бағытталған шұғыл және күзет шараларының кешенін жетілдіру – сіздердің міндеттеріңіз. Сондықтан, Мемлекеттік күзет қызметінің әлеуетін арттыру және оны жан-жақты жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Жиын соңында Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел іс-қимыл штабының және осы мекеменің басқа да жұмыстарымен танысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro