Қазақстандық музыка бәсекеге қабілетті - "Гәкку" телеарнасының бас продюсері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Санжар Мұстафин Санжар Мұстафин

Қазақстандық әртістердің үздік әндері Астанада Gakku Әуендері концертінде орындалады және естелік мүсіншелері беріледі. Марапаттау рәсімін Gakku телеарнасы өткізеді. Шара 18 мамырдағы Астанадағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әртістердің үздік әндері Астанада Gakku Әуендері концертінде орындалады және естелік мүсіншелері беріледі. Марапаттау рәсімін Gakku телеарнасы өткізеді. Шара 18 мамырдағы Астанадағы "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді.

Хитке айналған композицияларды телекөрермендер Қазақстан бойынша сайт арқылы сүйікті әншілеріне дауыс беру арқылы таңдады. Телеарна басшысы Санжар Мұстафин Gakku телеарнасының қазақстандық дарынды орындаушыларды қолдау үшін, оларға өзін дамытатын алаң беру үшін құрылғанын атап өтті. Тегін жариялау саясатының қорытындысында көптеген орындаушы елге өзін көрсете білді, бұл арқылы отандық контенттің деңгейі жоғарылады.

"Бұл концерт - қазақстандық музыканың әлдеқашан бәсекеге қабілетті болғанының және танымал екендігінің қосымша бір дәлелі. Өткен жылы біз Алматыда алаңда 60 мың адамды жинап, мұны дәлелдей алдық. Өзіміздің өнім сапалы болған күн туды. Өнім тамаша, бұрын адамдар отандық музыканы тыңдайтынын айтуға арланатын болса, енді мұны мақтанышпен айтатын болды. Жас орындаушыларға белсенді түрде қолдау білдіріп жатқан "Жұлдыз FM" радиостанциясына, Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың қолдауы үшін Астана әкімдігіне ерекше алғыс айтқым келеді", - деді Мұстафин.  

Жанды дауыста ән айтылатын шоу ең қызықты әрі хитке айналған заманауи әндерді ұсынады. Әли Оқапов, Бейбіт Күшқалиев, Жанар Дұғалова, Серік Ибрагимов, Қайрат Баекенов, Аюми, Диас Аблаев, Қайрат Нұртас, Мақпал Исбаекова, Кәмшат Жолдыбаева, Луина және Биг Сом, Орда, Айқын, Төреғали Төреәлі, Ninety One, Лидо, "Аll Давай", Санда, The Jigits, Бүркіт пен Аиша, Rin’Go, Ерке Есмахан сияқты әншілердің өнер көрсететіні белгілі. Кешті елге белгілі Тұрсынбек Қабатов, Гүлнара Сілбаева, Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек жүргізеді.

Әртістерге шығармашылық алаң берген телеарна авторлық құқықты қорғау бойынша да оларға қолдау көрсетпек. "Біз жастардың міндеттері ғана емес, құқығы да болуы үшін авторлық құқық жөнінен де жағдай жасамақпыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Мұстафин таяуда елімізде тек қазақстандық контент ұсынатын тағы бір телеарнаның пайда болатынын хабарлады. Бірақ оның мән-жайы кейінірек белгілі болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro