ҚР Энергетика министрлігі толлингпен өндірілетін мұнайдың салық жеңілдігі мерзімін ұзартуды ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото © РИА Новости Фото © РИА Новости

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі толлинг операциялары бойынша қарастырылған салық жеңілдіктері мерзімін ұзартуды ұсынды, - деп хабарлайды осы құзырлы мекеме басшысы Владимир Школьникке сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі толлинг операциялары бойынша қарастырылған салық жеңілдіктері мерзімін ұзартуды ұсынды, - деп хабарлайды осы құзырлы мекеме басшысы Владимир Школьникке сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Толлинг жүйесі бойынша (шетелдік шикізатты өңдеп, қайтадан кері қайтару) ұсынылған салық жеңілдіктері мерзімін ұзартуға қатысты заңнамалық деңгейде тағы бір мәселе бар. Қазақстанда жыл сайын болатын 1,2-2 миллион тонна ашық түсті мұнайөнімдерінің тапшылығы Ресей Федерациясынан келетін импорт мұнайөнімдері арқылы жабылып отырады. Импорт мұнайөнімдеріне тәуелділіктен құтылудың бірден-бір жолы - мұнайды елдің сыртында өңдеу. Сондықтан осындай толлинг операцияларын жүзеге асыру үшін салық заңнамасына өзгеріс енгізіліп, салық бойынша түсетін салмақ мұнайды өңдеушілер мен оны жеткізушілерге теңдей бөлінген болатын. Сөйтіп Қазақстаннан тыс өңдеу ел ішіндегі өңдеумен теңестірілген. Алайда бұл өзгеріс 2014 жылдың соңына дейін өз күшін сақтайды. Ал 2015 жылдан бастап толлинг жүйесі кен игерушілер үшін экономикалық тұрғыда тартымсыз болып қалады", - деді Школьник Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға арналған Мәжіліс комитетінің бірінде өткен кеңейтілген отырыста.

Сондай-ақ министр еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттарды модернизациялау жұмысы 2016 жылдың соңына белгіленгенін ескертуді ұмытпады. Ал 2017 жылдың аяғына шейін бұл зауыттардың толыққанды жұмыс істеп кетуіне әзірлік жасалады. "Барлық зауыттардың жұмысын тұрақтандыру мақсатында қазіргі нарықтағы тапшылықтың көлемін азайтып, жағдайды жақсарту үшін заңнамада көрсетілген салық жеңілдіктері мерзімін 2017 жылдың аяғына дейін ұзарту туралы министрлік ұсынысын қабылдауды мен қатты өтінер едім" деді ол.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro