03 ақпан 2016 | 14:17

ҚР Ұлттық банкі 2016 жылдың қаңтарындағы интервенция көлемін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

ҚР Ұлттық банкінің валютаны сату түріндегі өктемділігі 57,7 миллион долларды құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Ұлттық банк хабарламасында нақты қай валютаның сатылғаны көрсетілмеген.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкінің валютаны сату түріндегі өктемділігі 57,7 миллион долларды құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, Ұлттық банк хабарламасында нақты қай валютаның сатылғаны көрсетілмеген.

"Ұлттық Банк валюта нарығына қатысуын барынша азайтты. Ұлттық Банктің 2016 жылғы қаңтарда валютаны сату түріндегі өктемділігі 57,7 миллион доллар немесе сауда-саттықтың жалпы көлемінен 2,48 пайыз болды", - деді Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев. "Қазіргі уақытта бағамның жуық арада айтарлықтай өзгеру ықтималдығы аз деп бағалаймыз. Қазақстанның төлем балансы тұрғысынан жағымсыз сценарийлер іске асырылып қойды", - деді ол. 

Сонымен қатар, Ұлттық банк базалық мөлшерлеме жөнінде де түсінік берді. "ҚР Ұлттық Банкі 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені плюс минус 2 пайызға ауытқуымен 17 пайыз деңгейінде белгіледі. Бұл Ұлттық Банктің банктерге өтімділікті кез келген көлемде 19 пайызға жуық мөлшерлеме бойынша беретінін және банктерден өтімділікті 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша алатынын білдіреді", - делінген хабарламада. Ұлттық Банктің мәліметінше, 2016 жылғы 5 қаңтарынан бастап осы көлемдер айтарлықтай ұлғайды және Ұлттық Банктің ақша нарығына қатысуы нарық көлемінің жартысынан асты. "Бұл ретте банктердің балансындағы Ұлттық Банк алдындағы міндеттемелер 8 пайызға, ал жекелеген банктерде 20 пайызға жетті", - деді Данияр Ақышев. 

Сонымен қатар, депозиттердің долларлану деңгейі 69 пайызға жетті, оның ішінде жеке тұлғалардікі 78,9 пайыз болды. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғарғы мөлшерін 10 пайыздан 14 пайызға дейін белгілеу жөнінде шешім қабылдады, шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 3 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Сонымен қатар, Ұлттық Банктің қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша немесе депозиттерді алу бойынша қандай да бір шектеулерді қарастырмайтынын және оларды енгізуді жоспарлап отырмағаны белгілі болды. "Біз долларлық депозиттерді теңгелік депозиттерге қандай да бір мәжбүрлеп аудару бойынша ешбір іс-қимыл жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл жалған ақпарат, оған ешбір негіз жоқ", - деді Ұлттық Банк басшысы.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2015 жылы Қазақстанда жылдық инфляция 13,6 пайызды құрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети