2015 жылы халықаралық аренада жарқын өнер көрсеткен қазақстандық әртістер

viewings icon 178 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Коллаж © YouTube Коллаж © YouTube

2015 жыл халықаралық аренада өнер көрсеткен қазақстандық әртістер үшін жемісті болды. Ол "Славян базарындағы" жеңіс пен "Жаңа толқын" байқауындағы жүлделі орын. Сонымен қатар, жас орындаушылар танымал ТВ-шоулардағы сәттіліктерімен қуантты. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық шоу-бизнес әртістерінің 2015 жылы көрсеткен тамаша өнерлері мен жеңістерінің топтамасын жасады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2015 жыл халықаралық аренада өнер көрсеткен қазақстандық әртістер үшін жемісті болды. Ол "Славян базарындағы" жеңіс пен "Жаңа толқын" байқауындағы жүлделі орын. Сонымен қатар, жас орындаушылар танымал ТВ-шоулардағы сәттіліктерімен қуантты. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық шоу-бизнес әртістерінің 2015 жылы көрсеткен тамаша өнерлері мен жеңістерінің топтамасын жасады.

13 жылда тұңғыш рет әнші Ademi "Жас толқын-2015" халықаралық байқауында Қазақстанға екінші орын сыйлады. Сонымен қатар, әнші қыз көп дауыс жинап, көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді. Бұған дейін жүлделі орынға бірнеше өнерпазымыз сәл жетпей қалған болатын, Rin’Go тобы (4-орын), Қайрат Түнтеков (4-орын) және The Jigits тобы (4-орын). Айта кетейік, байқаудың үшінші күнінде әнші Ademi "Последняя весна" композициясын орындап, оны Батырхан Шүкеновтің рухына арнады.

Димаш Құдайбергенов "Славян базары-2015" XXIV Халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғап, оның жеңімпазы атанды.

Данэлия Төлешова "Балалар Жаңа толқыны-2015" байқауында көрермендер көзайымы сыйлығын иеленді. 

Луиза Нұрқуатова "Балалар Славян Базары-2015" байқауында жеңіске жетті. 

Өткен аптада, 19 желтоқсан күні Turkvizyon-2015 байқауы өтіп, оған қатысқан қазақстандық "Орда" тобы екінші орын алды. Ұжым "Олай емес" композициясын орындап, 185 балл жинады.

  

Jigboys тобы "Главная сцена" шоуына қатысып, жеңімпаз атанбаса да, қазылар алқасының есінде керемет харизмамен жақсы сақталды. Олардың ең тамаша өнер көрсетулерінің бірі "Если б я был султан" әнін орындау кезінде болды.

Қарағандылық биші Владислав Ким бірқатар іріктеуден өтіп, ТНТ телеарнасындағы "Танцы" жобасының финалына дейін жетті. Алдын ала іріктеулерден кейін Владислав белгілі биші әрі продюсер Мигельдің тобына қосылды. Оның әрбір номері көрерменнің жадында ерекшелігімен сақталды.

Сонымен қатар, Биназир Ермағамбетованың өнер көрсетуі есте қалды. Ол Ресейдің "Голос" шоуына қатысып, үшінші кезеңге дейін жетті. Қазақстандық өнерпаздың тәлімгері рэпер Баста болды. Ол бала кезден ән айтып, домбыра мен гитарада ойнаған. Букетов атындағы ҚарМУ-ды "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Медициналық компанияда қызмет етеді. Сонымен қатар, қыз бірнеше жылдан бері өзінің жеке видеоблогын жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда оның YouTube видеохостингіндегі арнасына 20 мыңнан аса адам тіркелген, ал көрілімдерінің жалпы саны екі моллионға дейін жетеді.

Әнші Луина 2015 жылы түрік нарығына шығуға шешім қабылдады. Ол Түркияның атақты Rising Star Turkey шоуында сәтті өнер көрсетті. Әнші қыз әділ қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегін жаулап, жартылай финалға дейін жетті. Луинаға тікелей эфирде белсенді түрде дауыс бергендер көп болды.

35 жастағы Берік Ысқақ ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданында өткен The Voice China ("Голос") шоуында қазылар алқасын өнерімен тамсандырды. 

Астаналық жас орындаушы Айжан Сұлтанова Украинаның "Х-Фактор" шоуының алтыншы маусымына қатысты. Әнші қыз көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, Қазақстаннан тыс жерлерде танымалдыққа ие болды.

Killa Kolya деген лақап атпен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Николай Черников Тбилисиде брейк-данстан өткен Red Bull BC One 2015 турнирінде жеңімпаз атанды. Кейін ол 14 қарашада Италияда өткен әлемдік жарыста Қазақстанның намысын қорғады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
29°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro