Германия канцлері Ангела Меркель кезекті сайлауды күтпей-ақ немесе Христиан-Демократиялық партия жетекшісі ауыспай жатып-ақ мерзімінен бұрын қызметтен кетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Spiegel журналына сілтеме жасаған РИА Новости ақпарат құралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ангела Меркельдің 60 жастығына орайланған мақалада "Германия канцлерінің партияластары, министрлер кабинетіндегілер, яғни оның айналасындағылардың бәрі оны өз еркімен қызметтен кетеді деп отыр" делінген.
Басылымның мәліметіне қарағанда, қазір Ангела Меркель саяси карьераның шыңында. Ол 2005 жылдан бері канцлерлік қызметті үздіксіз атқарып келеді және Германияны дүниежүзілік қаржы дағдарысынан, сондай-ақ оның артынан келген еуропа аймағындағы дағдарыстан абыроймен алып шыққан. Басылымның мәлімдеуінше, Ангела Меркель өзінен бұрынғылар - Конрад Аденауэр және Гельмут Кольдің тағдырын қайталағысы келмейді. Олар неміс елінде асқақ абыройға ие болып, партиялық күресте немесе сайлауда жеңіліп, қызметінен кеткен болатын.
Алайда Deutche Welle басылымы Ангела Меркельдің мерзімінен бұрын қызметінен кететіндігін жоққа шығарады.