Жеңіл атлетикадан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Жеңіл атлетикадан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.
100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Сондай-ақ 800 метрге жүгіруден Маргарита Мукашева қола медаль жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 2:03.83.
Ядро лақтырудан Қазақстан командасының мүшесі Иван Иванов та қола жүлдегерлер қатарында.
Айта кетейік, Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден Азияда үздік үштікке енген болатын.