Мен ашпын. Big Drama Show жасауға уәде беремін - Головкин

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Геннадий Головкин. © vk.com/ggolovkin Геннадий Головкин. © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегіне орай Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында алдағы кездесудің бокс жанкүйерлеріне нағыз сый болатынын айтып, Big Drama Show жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегіне орай Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында алдағы кездесудің бокс жанкүйерлеріне нағыз сый болатынын айтып, Big Drama Show жасауға уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қолдап жатқандарға алғыс айтамын, - бокстың нағыз жанкүйерлеріне. Әрине, барлығы да осы жекпе-жекті тағатсыздана күтіп отыр. Соңғы бірнеше жылда барлығы да осы жекпе-жекті күтті. Міне, біз дайынбыз. Мен ашпын. "Канело" да сондай деп сенемін. Бұл біз үшін өте қызық кездесу болады. Бұл біз үшін ғана емес, бокс үшін де тамаша жекпе-жек екенін бәрі де түсініп отыр. Екеумізде де мүмкіндік бар. Тамаша шоу көрсететінімізге сенемін. Бокс шоуы. Бұл бокс әлеміне үлкен сыйлық болмақ. Екеуміз де кәсіпқой спортшымыз. Big Drama Show жасауға уәде беремін", - деді Головкин. 

Ал Альварес үздік қалпында екенін және жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайтынын айтты. "Қазір Головкинмен жұдырықтасуымызға үздік кезең. Себебі мен үздік қалпымдамын. Ел күтпегенді жасай аламын. Дайынмын. Нокаутпен жеңетініме сенемін. Әлденені болжап білу қиын әрине. Сондықтан мен 100 пайызға дайын боламын", - дейді "Канело".

GGG өз кезегінде Лас-Вегастағы жекпе-жектен кейін реванш болуы мүмкін екенін айтты. "Осы жекпе-жекті барлығы да күтеді. Бұл жанкүйерлер үшін, бизнес үшін, барлығымыз үшін жақсы кездесу. Мен оны білемін. Ол да мені бұрынан біледі. Бұл күш пен жылдамдықтың ғана шайқасы емес. Бұл үздікті анықтау, P4P рейтингінде кімнің мықты екенін анықтау. Бұл өте қатерлі шайқас. 50-де 50. Осы жекпе-жектен кейін реванш болатын шығар. Бокссүйер адамдар көргісі келер", - деді GGG.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro