Полиция өкілдері өлі күйінде табылған Айбек Мұстақаевтың туыстарының ашық хатына жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Айбек Мұстақаев Айбек Мұстақаев

Қарағанды облысы ІІД қызметкерлері кісі қолынан қаза тапқан Айбек Мұстақаевтың туыстарының ашық хатына жауап берді. Айта кетейік, туыстары Айбектің өліміне полиция қызметкерлерінің де қатысы бар деп есептейді. Гүлзат Қапбасованың хаты бірнеше ақпарат құралдарында жарияланды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы ІІД қызметкерлері кісі қолынан қаза тапқан Айбек Мұстақаевтың туыстарының ашық хатына жауап берді. Айта кетейік, туыстары Айбектің өліміне полиция қызметкерлерінің де қатысы бар деп есептейді. Гүлзат Қапбасованың хаты бірнеше ақпарат құралдарында жарияланды.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы - "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты ашуға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қапбасованың хатында көрсетілген деректерді анықтай келе, ІІД басшысының бұйрығымен бірнеше қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды. Қызметтік тексеріс жүргізілді. Тергеу бойынша басқа мәліметтер жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, 22 жастағы Айбек Мұстақаев Қарағандыда 2016 жылдың 3 қаңтарында жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің денесі 24 наурызда Абай қаласындағы 2-ші ықшамауданнан табылды. Тергеу мәліметінше, ол миына қан құйылып, бастан алған жарақаттан, сонымен қатар сүйек сынықтарынан қайтыс болған.


Айбек Мұстақаев. Суретті туыстары жолдады.

Кейін Айбектің туысы ақпарат құралдарында ашық хат жариялады. Онда өздері көмек сұрап барған полицейлердің осы қылмысқа қатысы бар екені айтылады. Оның айтуынша, тергеушілер жоғалып кеткен жігітті әдейі іздемеген.

"Олар Айбектің анасына ұлының қайда екенін білетіндерін айтып, бізді әдейі шатыстырды. Сонымен қатар, біз оларға Айбектің телефонындағы қоңыраулардың тізімін ұсындық, онда белгісіз номерлер болса да, полицейлер олардың иесін анықтауға асықпады. Айбек жалғыз қалдырылған жерге жақын маңнан табылған қан іздеріне де сараптама жасамады", - делінген хатта.

"Мен осы қылмысқа барлығының: Прокуратура, Басқарма мен Департаменттің қатысы бар деп күдіктенемін... Олардың анық әрекетсіздік танытуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біреуді әдейі жасырып отыруын көрсетеді... Мен көрсеткен қызметкерлердің барлығы өз міндеттерін орындамағандары үшін жазалануы тиіс. Егер олар өз уақытында әрекет еткенде, Айбекті тірі табуға болар ма еді", - деді Гүлзат Қапбасова.

Төменде Айбек Мұстақаевтың туыстарының Қазыбек би аудандық прокуроры Қаржаспаевқа, Қарағанды облысы ІІД басшысы Мергенбай Жаппаровқа, сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясына жолдаған хаты мен олардың жауаптарының көшірмесі келтірілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro