"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды" - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құрудағы мақсат - әуе кеңістігін қорғау және екі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесі келесі қағидалар бойынша құрылады және қолданылады: Бейбіт уақытта - әскери кезекшілік ұйымдастыру және әскердің бірлесіп қимыл жасауын үйлестіру; әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесі әскерлері ұлттық қолбасшыларға бағынады; олар әскери дайындық кезінде жедел және бірыңғай ұйымдасқан түрде әрекет етеді.