"ҚазАлко" Қазақстанда арақ бағасын төмендетуді ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

"ҚазАлко" қауымдастығы Қазақстанда арақ бағасын төмендетуді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қауымдастықтың президенті Әміржан Қалиев хабарлады. Қазір Қазақстандағы арақтың ең төменгі бағасы - 1300 теңге.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазАлко" қауымдастығы Қазақстанда арақ бағасын төмендетуді ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қауымдастықтың президенті Әміржан Қалиев хабарлады. Қазір Қазақстандағы арақтың ең төменгі бағасы - 1300 теңге.

Оның айтуынша, отандық ішімдік өнімдерін өндірушілер Ресейдегі арақ өнімдерінің акциздеріне енгізілген өзгерістен кері әсер алды. Қалиевтің айтуынша, Ресей Федерациясы 2015 жылдың ақпан айынан бастап жарты литр арақтың бөлшек саудадағы минималдық бағасын 220 рубльден (700 теңге) 185 рубльге дейін (589 теңге) түсірді. Ал Қазақстанда жарты литр арақ 650 теңге тұрады. Осылайша, шетелдік арақтың бағасы отандыққа қарағанда төмен болды.

"Осының барлығын ескеріп, біз үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға акцизді төмендетіп, бағаны түсіру мәселелерін қайта қарау туралы өтінішімізді жеткіздік. Біз Қазақстанда арақтың минималды бағасын 2014 жылғы межеге жеткізіп, яғни жарты литр үшін 560 теңгені бекітіп, сонымен қатар, 100 пайыздық спирттің акцизін 1020 теңгеге дейін төмендетуді ұсынып отырмыз. Біз мұндай бағаны 2018 жылға дейін бекітуді ұсынамыз. (...) Біз Ресеймен бірге бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз, ал ол арақтың бөлшек саудадағы минималдық бағасын көтеруді жоспарлады, алайда оның деңгейін өткен жылғымен қалдыруға шешім қабылдады. Бізде де баға мен акцизді біртіндеп көтеру жоспарланған болатын. Ол ішімдікті халық үшін қолжетімсіз ету туралы Елбасының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Бірақ ол кездегі жағдай басқа болатын. Бізде оптимистік икем болды. Ал қазір барлығы өзгеше жасалып жатыр. (...) Олай болмайтын болса, отандық этил спирті мен арақ өнімін өндірушілер үшін жағдай қатты қиындауы мүмкін", - деді Қалиев.

Қалиевтің сөзіне қарағанда, қазір Ресеймен шекаралас қазақстандық аудандарды көршілес елдің арағы "басып қалған". Ал өткен жылдары жағдай мүлдем керісінше болатын. Негізгі себеп - Ресейдегі арақ бағасының өзгеруі. "Ресейлік автокөліктермен болған жағдай сияқты. Соның салдарынан сату азаяды, тиісінше - отандық арақтың өндірісі төмендейді. (...) Сонымен қатар, Қырғызстан Еуразия экономика одағына кіргеннен кейін жағдай одан әрі қиындауы мүмкін, себебі олардың арзан өнімі бізге жаппай келе бастайды", - деді "ҚазАлко" басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro