03 сәуір 2017 | 19:36

Назарбаев пен Әлиев кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл орнату, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жайын талқылады.

"Экономика кез келген мемлекеттің негізгі тұғыры болып саналады. Түрлі саладағы, мәселен, көлік-коммуникация саласындағы уағдаластықтар елдеріміз үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бірлесе қабылданған мәлімдемеде екіжақты қарым-қатынасты дамытудың стратегиялық жолдары айқындалғанын атап өтті.

"Біз күн тәртібінде тұрған барлық мәселені талқыладық. Қол қоюға дайындалған құжаттар қарым-қатынасымыздың дамуының жаңа кезеңі болып саналады. Мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымының көлемін айтарлықтай арттыруға нақты мүмкіндіктер бар деп есептеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті республикамыздың Бакумен жан-жақты өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге мүдделілігін және ол үшін қажетті әлеует бар екенін айтты. Бұл ретте сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастың локомотиві болып саналады.

"Елімізде Қазақстан азаматы болып саналатын көптеген этникалық әзербайжандықтар тұрып жатыр. Олар Қазақстанда кәсіпорын ашып, бизнеспен айналысып, екі мемлекет арасындағы өзара достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізетін дәнекер іспетті", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев келіссөз барысында гуманитарлық байланыстар аясын кеңейту мәселелері қаралғанына назар аударды.

"Студенттер алмасу, екі елдің мәдени күндерін өткізу мәселелеріне тиісті деңгейде назар аудару қажет. Ол мәдени байланыстарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетін болады", - деді Қазақстан Президенті.

Әзербайжан Республикасының Президенті Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы оның әлемдік аренадағы рөлі мойындалғанының көрсеткіші және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке беделінің арқасы екенін атап өтті.

"Сіздің өңірлік қана емес, сонымен бірге әлемдік ауқымдағы бастамаларыңыз зор құрметке ие болып келеді. Екіжақты қарым-қатынастың дамуына көңіліміз толады. Бүгінгі сындарлы пікір алмасулар талқыланған көптеген мәселелер жөніндегі ұстанымдарымыздың ұқсастығын көрсетеді", - деді Ильхам Әлиев.

Сондай-ақ, Әзербайжан көшбасшысы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

"Біз екі мемлекеттің инвестиция саласындағы жұмысының қорытындысы бойынша оң нәтижелер бар екенін көріп отырмыз. Бұл шағын және орта бизнес саласының дамуына септігін тигізетін болады", - деді Әзербайжан Президенті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети