Үкімет: Қазақстан экономикасының өсімі - 4,4 пайыз

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2019 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Экономиканың, банк саласының, республикалық бюджеттің орындалуының, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтудың жай-күйі туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндады, өнеркәсіп және көлік саласындағы жағдайлар туралы, экспорттық өнімдер бойынша ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, аграрлық сала бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, мұнай-газ саласы туралы ҚР энергетика бірінші вице-министрі М. Досмұхамбетов мәлім етті. 

Қазақстан экономикасы тұрақты өсу беталысын көрсетіп отыр - 2019 жылғы қазан-қаңтар айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 4,4 пайыз құрады. Құрылыста - 12,7 пайыз, саудада - 7,5 пайыз, көлік саласында - 5,6 пайыз, өңдеу секторында, оның ішінде машина жасауда - 18,2 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте - 19 пайыз, түсті металдар өндірісінде - 7,5 пайыз, мұнай өңдеуде - 7,2 пайыз, металл кендерін өндіруде - 16,1 пайыз, байланыс қызметінде - 4,5 пайыз оң динамика байқалып отыр. Ұлттық қор активтері 2,1 пайызға 59,2 миллиард долларға дейін, республикалық бюджетке кірістер - 8386,6 миллиард теңгеге (жоспардың 100 пайыз) артты, өсу қарқыны 113,7 пайыз құрады. 

Премьер-министр Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдерінің есебін тыңдады, бұл өңірлер бірқатар экономикалық көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр, сондай-ақ, бюджет қаражатын барынша игермеген министрліктердің басшылары - экология, геология және табиғи ресурстар (10,6 миллиард теңге), білім және ғылым (9,3 миллиард теңге), мәдениет және спорт (6,1 миллиард теңге), цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (5,1 миллиард теңге) министрлері тыңдалды.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында экономика өсімін қамтамасыз ету міндетін алға қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесте еліміздің макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылығын сақтау бойынша шараларды қабылдауды тапсырды", - деді А. Мамин.

Премьер-Министр өңірлер мен министрліктердің басшыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттерді орындау жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ, маңызды өнеркәсіптік көрсеткіштердің өсімін ынталандыруды тапсырды.

Үкімет басшысы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерінің жұмысының жақсы нәтижесін атап өтті, оларда осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша негізгі экономикалық индикаторлардың өсімі байқалады. Артта қалушы әкімдіктерге проблемалық көрсеткіштер бойынша жағдайды ретке келтіру үшін түбегейлі шараларды қабылдаудың қажеттігі айтылды.

"Бюджет бөлігі бойынша өткен жылмен салыстырғанда, осы жылдың жоспарының асыра орындалуы байқалуда. Дегенмен, бюджеттік бағдарламалардың бірқатар әкімшісінде бюджет қаражаттарының игерілмеуі белгіленген. Өткізілмеген конкурстар, жосықсыз мердігерлер және қаржыландыру жоспарлары бойынша өзгерістер жөніндегі дәлелдер қабылданбайды. Жыл соңына дейін бір жарым ай қалды", - деді Мамин.

Премьер министр экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға, өнімділікті арттыруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға барлық күш-жігерді жұмсау қажет екенін атап өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.32  course down  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro