Астана әкімдігі тағы екі құрылыс компаниясының жұмысын тоқтатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Тұрғын үй кешендерін сапасыз салғаны үшін тағы екі құрылыс компанияның және техникалық қадағалау сарапшыларының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үй кешендерін сапасыз салғаны үшін тағы екі құрылыс компанияның және техникалық қадағалау сарапшыларының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сайттағы мәліметтер бойынша, әкімдік құрылыс саласын ретке келтіруді жалғастырып жатыр. Қазіргі күнде Үкімет Doing Business саясатын жүргізуде, ол нысанның қабылдау және пайдалануға берілу процесін жеңілдетеді. Алайда, кейбір авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын жеке меншік ұйымдар өз міндеттерін жосықсыз орындауда. Осыған байланысты құрылыс сапасына арналған кеңес барысында Әсет Исекешев құрылыс компанияларын, сондай-ақ нысандарды пайдалануға қабылдау барысында бірнеше рет заң бұзушылықтарға жол бергені үшін авторлық және техникалық қадағалау органдарын аттестаттан және лицензиядан айыру туралы тапсырма берді. 

"Мысалы, белгіленген лицензиялау нормаларын, сондай-ақ құрылыс жұмысын сапасыз жүргізгені үшін "Sat Construction Group" ЖШС жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ, "CAC group" ЖШС-нің мемлекеттік лицензиясы тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қалалық ортаның сапасын бақылау басқармасының мәліметі бойынша, нысандарды салу кезінде өз қызметін тиісінше жүзеге асырмағаны үшін техникалық қадағалау сарапшылары - Ринат Тухватова мен Сәуле Жармағанбетованың аттестаты тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, Астана қаласында 18 маусымда жеке тұлғалардың және мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде тексеру тағайындау туралы 82 акті тіркелген. Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша 241 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылған. Осыған байланысты ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 172 субъекті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бұған дейін нысандарды салу кезінде құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізгені үшін, үш компанияның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу лицензиясынан айырылғаны хабарланған болатын. Олардың қатарында "Expolis Invest VM" ЖШС (ТК Royal EXPO Apartments), "Astana Trade International" ЖШС ("Олимп палас" ТК) бар, олардың материалдары Жоғарғы соттың қарауында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro