Қазақстанда мұнай өңдейтін төртінші зауыт салынуы мүмкін: бензин арзандай ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан жанармай бағасы арзан 167 мемлекеттің арасында 15-ші орынды иеленді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан жанармай бағасы арзан 167 мемлекеттің арасында 15-ші орынды иеленді, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін. Қанат Бозымбаев жұмыстың алдын ала жоспарын тікелей өз бақылауына алмақ. Бұл туралы Энергетика министрлігің кеңейтілген отырысында мәлім болды. Ал ведомство басшысы бензин бағасына келгенде кібіртіктеп қалды.

"Елбасы тапсырмасы бойынша біз кезекті мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сұраныс күшейген сайын, тапшылық орын алып отыр. Демек, жанармай мен дизельдік отын 2021-2023 жылға дейін жеткілікті болуы тиіс. Сонымен қатар, 2026 жылға дейінгі авиакеросин тапшылығын жою қажет", - деді ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның "арзан жағармай" сататын мемлекеттер рейтингінде 15 орынға жайғасқаны белгілі болды. Бізден төмен баға тек Түркменстанда, дейді министр. Оның айтуынша, әлемде жанармай бағасының орташа деңгейі 1 доллар 15 центті құрайды екен.

"Талдау жұмыстарын жүргізу үшін жоғары отандық жанармай мен дизельдік отын бағасы қолданылады. Рейтингте 167 елдің мәліметі ескеріледі. Ол ақпарды халықаралық валюта қоры пайдаланады. Осы талдау барысы негізінде Қазақстан 19 ақпанда 15 орынға ілінді. Демек, 1 литр жағармай бағасы бар болғаны 56 цент", - деді энергетика министрі.

Ведомство басшысы мұнай бағасына қатысты ойын айтты. Болжамы бойынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі биыл орта есеппен 55-60 долларға тұрақтайды. Ал жанармай бағасына келгенде нақты пікір айта алмады. Бір анығы - бензин бағасы төмендемейді.

"Ресей Федерациясымен ашық шекара жүйесінде жұмыс атқарып жатқаннан кейін, әрі Еуразиялық одақ аясында болған соң жағармай бағасының түсетініне күмәнім бар. Бірақ біз жергілікті ресурстар арқылы, әрі бензин бағасының көтерілмеуін қадағалаудамыз. Бүгінгі күні сол тұрақтылықты сақтап отырмыз", - деді Бозымбаев.

Сонымен қатар, отандық мұнай өңдеуші зауыттардың жағдайы да сөз болды. Олар ішкі нарықты қарық қылуға қауқарлы екен. Демек, жанармай бекеттерін біздің өнім 90 пайызға қамтуы тиіс. Ведомство таратқан ақпар бойынша, мұнай өндіру биыл 870 миллион тоннаны құрайды. Өнімнің басым бөлігін "Қашаған" бермек. Ал Қызылорда мен Ақтөбедегі нысандар керісінше, аз өнім алады, оған аймақтағы табиғат басты себеп. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro