Ұлттық банк долларды сатып алмағанда, ұлттық валюта бағамы 300 теңгеден төмен болар еді - экономист

viewings icon 238 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Егер де ҚР Ұлттық банкі нарықтағы валютаны сатып алып, базалық мөлшерлемені төмендетпегенде, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 300 теңгеден төмен болар еді. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне экономист Тимур Әбілқасымов айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Егер де ҚР Ұлттық банкі нарықтағы валютаны сатып алып, базалық мөлшерлемені төмендетпегенде, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 300 теңгеден төмен болар еді. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне экономист Тимур Әбілқасымов айтты.

Тимур Әбілқасымовтың айтуынша, Қазақстанда шілде айында инфляция 17,7 пайызды құрады. Оның пікірінше, инфляцияның мұндай жоғары көрсеткіш көрсетуіне былтыр тамыз айында басталған девальвация әсер етті. "2015 жылдың тамыз айында жылдық инфляцияның көрсеткіші 3,8 пайызды құрады. Содан нарықтағы бағалардың өсуі байқалды. Негізінде инфляция көрсеткішінің өсуіне бірнеше факторлар әсер етеді. Мысалы, базалық мөлшерлеменің төмендеуі. Бірақ төмендетілген мөлшерлеме инфляцияның көрсеткішіне 1-1,5 жылдан кейін ғана әсер етуі мүмкін", - деп жазды экономист өзінің Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, экономист егер ҚР Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендететін болса, ол теңгеге кері әсер етіп, ұлттық валютаның әлсіреуіне әкеп соғатынын айтты. "Наурыз айында пайыздық мөлшерлеме 17 пайызды құраған кезде, Brent маркалы мұнай барреліне 40 долларға саудаланып, айырбастау орындарында теңгенің долларға қатысты бағамы 344 теңгеге тең болды. Енді Brent маркалы мұнай барреліне 42 долллардан аса көлемде саудаланып жатқанда, пайыздық мөлшерлемені 13 пайызға дейін төмендетті. Өз кезегінде айырбастау орындары инфляцияға басқа факторлармен салыстырғанда жылдам әсер етеді. Айта кетейін, егер теңгенің рубльге қатысты бағамы әлсіресе, Ресейден әкелініп жатқан тауарлар бір мезгілде қымбаттап кетуі мүмкін", - деді сарапшы.

Айта кетейік, сұхбат соңында экономист инфляцияның көрсеткіші 17,7 пайыздан төмен болуы да мүмкін деп айтты. Оның айтуынша, биыл инфляцияның көрсеткіші 6-8 пайызға төмендейді деп күтпеу қажет.

 Осыған дейін Іскерлік әкімшіліктендірудің докторы Ерлан Ибрагим Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық валютаның әлсіреуі сақталатынын айтқан еді. Оның айтуынша, тамыз айының соңына дейін доллар 350-360 теңге аралығында саудаланады. "Теңгенің әлсіреуіне маңызды факторлар әсер етіп отыр. Мысалы, елдегі экономикалық жағдай, мұнай бағасының төмендеуі мен базалық мөлшерлеменің төмендеуі", - деді Ерлан Ибрагим. Ал кейін Ұлттық банк өкілдері теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын түсіндірді.

Еске салайық, 11 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13 пайызға төмендеткен болатын. Банк өкілдерінің айтуынша, ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты, валюталық тәуекелдерге қатысты жағымсыз күтулер төмендеп жатыр екен. Ұлттық банктің бағалауынша, теңге бағамы іргелі сыртқы және ішкі факторлардың үйлесуін көрсетіп отыр, бұл туралы оның соңғы айлар ішінде шамалы өзгеруі және Ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысу деңгейі растап отыр.

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
20°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю