Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұловтың қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша этникалық қазақ спорттық мансабындағы 18-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті, ол бұрындары екі рет жеңіліс тапқан. 17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ, ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті.
Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Қазақстандық спортшы алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды.
Уалихан Қосанбай