7-20-25 бағдарламасы арқылы қайталама нарықтан да баспана алу мүмкін болады - Ақышев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

7-20-25 бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі Бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бұл туралы Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев айтты.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

7-20-25 бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі Бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бұл туралы Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев айтты.

Ақышевтің айтуынша, 7-20-25 бағдарламасына теңгемен тұрақты кірісі бар Қазақстанның барлық азаматы қатыса алады.

Ұлттық Банк басшысының айтуы бойынша, бағдарлама бастапқы тұрғын үйге көзделген, одан әрі бағдарламаға қайталама тұрғын үйді енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады. Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздың ең жоғары мөлшері өңірге байланысты сараланатын болады, бұл ел өңірлеріндегі тұрғын үйлерге бағалар деңгейінің әртүрлі болуына негізделген.

"Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары тек қана теңгемен берілетін болады. Бұл ретте банктер Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарыздарды алу және қызмет көрсетумен байланысты қандай да бір комиссиялар мен алымдар өндіріп алмайды", - деп атап өтті Ақышев.

Оның айтуынша, Бағдарламаның қамтуын анықтау мақсатында Ұлттық Банк тиісті мемлекеттік органдардан ақпарат сұратты. Бағдарламаның қамтуы бойынша деректер алынған барлық ақпарат көлемі өңделгеннен кейін жария етілетін болады. Бұл ретте, баспанаға мұқтаждарды және ипотекалық қарыз бойынша төлемдер төленетін кірістері барларды тексеру қажет. 

Айта кетейік, бағдарламаныңнегізгі талаптары: сыйақы мөлшерлемесі - жылына 7 пайыздан артық емес; бастапқы жарна - 20 пайыздан артық емес; кредит мерзімі - 25 жылға дейін. Басқа талаптары талқылануда және Бағдарламада көрсетілетін болады, ол ағымдағы жылдың мамыр айында бекітіледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro