Онкологтар мен радиологтар съезі 13 жылда тұңғыш рет өтпек

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматыда 13 жылдық үзілістен соң Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезі өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі съездің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлайды. Ғалымдардың басқосуы сәуірдің 29-30-ы күндері өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден, атап айтқанда, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль және ТМД елдерінен 500 жетекші маман қатыспақ. Шараға Қатерлі ісікпен күрес халықаралық одағының президенті Франко Кавалли де келеді деп жоспарланып отыр. "13 жылдық үзілістен соң өткізілетін бұл конференция отандық мамандар үшін аса маңызды болмақ. Біз, ең алдымен, бәріміз еңбек жолымызды алғаш бастаған аудан орталықтары мен облыстарындағы мамандарды жинауды мақсат етіп отырмыз", - дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директоры Қуаныш Нұрғазиев. Съезде қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтау тәсілдері мен оны емдеу мәселелері талқыланады, мамандар онкологиялық ауруларды емдеудегі соңғы жаңалықтар туралы өзара пікір алмасады. Конференцияның негізгі тақырыптары: жілік майын ауыстырудың жаңа мүмкіндіктері; соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықтау және сәулелі, химиялық, гормондық терапиядағы жаңа әдістер; қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтаудың скринингтік бағдарламалары; ортақ ғылыми зерттеулер мен біліктілікті арттыру мақсатында мамандарды шетелге оқуға жіберу; науқасқа паллиативтік (психологиялық) көмек көрсету және сауықтыру медицинасын дамыту; халықтың онкологиялық сауатын көтеру әрі дәрігерлер біліктілігін арттыру. "Кеңес заманынан бері науқасқа психологиялық және рухани көмек беру жағы ақсап келеді. Ал қазіргі кезде сауықтыру мен паллиативтік көмек жүйесі бір ізге түсіп, даму үстінде. 2013 жылдан бастап әрбір онкологиялық диспансерде дәрігер-психологтардың жеке бөлімшелері ашылып, онкологиялық дертке шалдыққан жандарға көмектесетін әлеуметтік жұмысшылар тобы құрылды", - дейді Қуаныш Нұрғазиев. Оның айтуынша, бұл - съездің күн тәртібіндегі негізгі мәселе. Мамандардың мәліметінше, өлім-жітім деңгейі жөнінен Қазақстанда қатерлі ісік аурулары екінші орында тұр. Онкологиялық аурулар жыл сайын 17 000 адамның өмірін қияды. Бұлардың 42%-ы - еңбекке жарамды жастағы азаматтар. Бүгінде елімізде қатерлі ісікке шалдыққан 146 400 адам тіркеуде тұр. "Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзарту мен өмір сапасын арттыру мақсатында онкологиялық көмек көрсетуді дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған төртжылдық мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оған бюджеттен 211 млрд теңге бөлінген", - деп хабарлайды Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезінің баспасөз орталығы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro