Алматылықтар қандай жағдайда жол ақысын төлемеуге құқылы?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Алматы тұрғындары қоғамдық көліктерде автобус жүргізушісі терминал істемейтінін айтып,бос билет беретінін немесе мүлдем бермейтінін айып шағымданды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов Tengrinews.kz тілшісіне жолаушыларға бұл жағдайда не істеу керегін айтып, өз пікірін білдірді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары қоғамдық көліктерде автобус жүргізушісі терминал істемейтінін айтып,бос билет беретінін немесе мүлдем бермейтінін айып шағымданды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов Tengrinews.kz тілшісіне жолаушыларға бұл жағдайда не істеу керегін айтып, өз пікірін білдірді.

"Қоғамдық көлік жүргізушісінің бос билетті беруге құқы жоқ - жүргізуші жол ақысын растайтын құжат емес. Егер мұндай жағдайлар болып жатса, бізге шағымдануға болады, біз бұл істі ішкі істер органдағылармен талқылаймыз. Егер автобус жүргізушісі бос билетті беретін болса, ақшаны кері қайтаруын талап ету керек", - деп ескертті Хосчанов. 

"Егер терминал істемей, болмаса қағаз таусылып қалса, жолаушының техникалық ақауға қатысы жоқ. Жолаушылардан екі есе тариф 150 теңге немесе тіпті жол ақысын төле деуге қақысы жоғын айта кету керек. Сондай-ақ, егер ақаулықтар жүргізушінің тарапынан болса, олар жолаушыларды тегін жеткізуге міндетті. Қоғамдық көлік жүргізушісі жоғары деңгейде қызмет көрсете алмаса, ол жолаушының емес өзінің проблемасы", - деді басқарма басшысы Талғат Хосчанов. 

Осылайша, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы егер жолаушыға барлық талапқа сай тиісті билет берілмесе, жолаушы жол ақысын төлеуге міндетті емес екенін тағы бір рет дәлелдеді.  

Оның айтуынша, барлық жүргізушіде жолаушыға билет беруі үшін стационарлық та, мобильді қосымша да болуы керек. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің сапасы автопаркке байланысты екенін айтты. 

"Мұндай жағдайларды барынша азайту үшін біз техникалық жағын күшейтуге тырысып, бір автобусқа 9 видеобақылау камерасын орнатып жатырмыз. Оның бір-екеуі жүргізуші отыратын жердің жоғары жағына орнатылады. Базаға оралар кезде, видеожазба қаралады. Автобус жүргізушісі бұл туралы біле тұра мұндай ақаулықтарды жасамауы керек", - деп мәлімдеді Хосчанов. 

Сондай-ақ, Алматы тұрғындары қоғамдық көліктерде SMS-төлем қосымшасы істемейтінін айтып шағымданған. Басқарма басшысы Талғат Хосчановтың айтуынша, келесі аптада қоғамдық көліктерде SMS-төлем қосымшасы жаңартылады.  

"15 қазаннан бастап төлем ақысы қайта іске қосылады. Тәжірибе ретінде 1 қазанда тек бір операторды іске қостық. Екі апта ішінде басқа да төлем ақысын қабылдай алатын операторларды жүзеге асыруға барынша тырысамыз. Жұма күні біз мобильді қосымшаның басқа операторларымен кездесеміз. Олардың тарапынан техникалық ақаулар бар екен. Ал басқаларын осы мәселелерді талқылағаннан кейін іске қосамыз", - деп мәлімдеді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro