03 шілде 2019 | 11:35

Арыстықтар жыл соңына дейін салықтан босатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласының салық төлеушілеріне жыл соңына дейін салық каникулдары ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Арыс қаласының салық төлеушілеріне жыл соңына дейін салық каникулдары ұсынылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттегілердің мәліметінше, Арыстағы салық төлеушілерге салықтарды өндіріп алудың мәжбүрлеу шаралары мен тәсілдері қолданылмайды.

"Арыс қаласында 792 заңды тұлға, 3 085 дара кәсіпкерлер мен 65 465 жеке тұлғалар тіркелгенін назарға саламыз. Қаржы министрлігі МККАрыс қаласының салық төлеушілеріне салық каникулын ұсынады. Бұл шара Арыс қаласын қалпына келтіру және оның әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі комиссияның отырысында айтылған премьер-министрдің тапсырмасында көрсетілген", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, cалық берешегі бар салық төлеушілер бойынша мерзімін кейінге қалдыру және ұзарту бойынша жұмыс қысқа мерзімде және оңайлатылған тәртіпте жүргізілетіні айтылады.

Арыс қаласының барлық салық төлеушілеріне:

- дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіпте тоқтату үшін;
- электронды түрде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру құқығын ұсынуға;
- салық есептілігін табыс етудi ұзарту құқығын беру (ұзарту мүмкiндiгi 1 айға дейiнгі мерзiмге);
- салық есептілігін табыс етудi (ұзарту, қайта бастау) тоқтату мүмкіндігі берілді.

Ведомство мәліметінше, мұндай салық төлеушiлерге салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылмайды, салықтық берешектерді өтеу туралы хабарлама жолданбайды, салық төлеушiнiң (салық агентінің)кассасы бойынша, банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылмайды, салық төлеушiнiң (салық агентінің) мүлiгiнешектеу өкімі шығарылмайды, салықтық берешектерді мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылмайды.

Бұдан бөлек, комитет тіңбарлық көшпелі салықтық тексеруді, сондай-ақ басқа да салықтық бақылауларды шектейтіні айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети