Алматы барахолкасының жұмысшылары біртіндеп жаңа сауда орталықтарына көшіп жатыр, орталықтардың бірі 1 қыркүйекте ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Статус Construction" ЖШС өкіліне сілтеме жасап. Барахолка ішінара сүріліп, бірқатар базары өртеніп кеткен болатын, бей-берекет сауда қатарларының орнына қазіргі заманғы кешендер тұрғызылатын болады.

Серіктестік өкілінің айтуынша, қазіргі мезгілде Құлжа күрежолында орналасқан "Жетісу - Семиречье" кешенінің құрылысы аяқталуға таяды. Сауда орталығы күздің басында ашылады. "Мұнда бәрі болады - көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық, сүттен бастап, брендтік заттарға дейін. Құрылыс материалдары да сатылатын болады. Қазір алғашқы блогы жұмыс істеп тұр, орталықтың екінші блогының құрылысы аяқталып қалды, үшінші блокты көріктендіруді қазан айына дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз", - дейді ол.
Жаңа сауда орталығы өрт қауіпсіздігінің барлық талабы бойынша жабдықталған. Бұрын билік өкілдері барахолка базарларындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қатысты кінә қойған еді - 2013 жылы төрт базардағы ірі өрт осы себептен болған еді.
"Кешен 3200 жұмыс орнына есептелген, жалпы ауданы - 80 мың шаршы метр. Сауда орталығының 70%-ына саудагерлер жайғасты, шамамен Алматы барахолкасының жартысы келді. Бұл - жұмыссыз қалған адамдар. Саудагерлер орындарын ауыстырмауы үшін біз 250 мың теңге кіру ақысын енгіздік", - дейді серіктестік өкілі. Сауда орталықта орынды жалға алу құны - 23 мыңнан 45 мың теңгеге дейін.
Еске салайық, жергілікті билік Алматы барахолкасын орнынан алып тастауды жоспарлап отыр - базарлардың көбі қала жоспарындағы "қызыл сызықта" тұр. 2013 жылы базарды көшіруге байланысты біраз дау туды. Ақыры, базар иелері өз есебінен қазіргі заманғы сауда орталықтарын салуы тиіс деген шешім шығарылды. Алматы барахолкасы бірнеше рет өртенді - жалын алты базарды күл қылды.