Эколог Алматыда 3 миллион ағаш отырғызуды ұсынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Қоғам белсендісі Абай Ерекенов Алматыда үш миллион ағаш отырғызуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол өз идеясын ҚХКП кеңсесіндегі экология мәселесі бойынша кездесуде айтты. Оның ойынша, қаладағы ағаштар жеткілікті түрде оттегі шығара алмайды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қоғам белсендісі Абай Ерекенов Алматыда үш миллион ағаш отырғызуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол өз идеясын ҚХКП кеңсесіндегі экология мәселесі бойынша кездесуде айтты. Оның ойынша, қаладағы ағаштар жеткілікті түрде оттегі шығара алмайды.

Оның айтуынша, бұл сан кеңестік құрылыс нормалары мен ережелеріне негізделген. "Бізде халық саны - 2,5 миллион. Кеңестік құрылыс нормалары мен ережелері бойынша әр адамға 12 мен 15 шаршы метрге дейін көшет керек". Бұл шамамен 40 шақырым көшет. Осы халық санына сәйкес, Алматыда үш миллион ағаш отырғызу керек. Әр көлік үшін 50-60 шаршы метрден отырғызу керек", - деді ол. 

Экологтың айтуынша, қала ауасындағы оттегі құрамы - шамамен 15-17 пайыз. Мұның үстіне қалада нығыздалған құрылыс салу жалғасып жатыр. "Қала орталығына уақыт өткен сайын автокөлік тартылып жатыр. Егер оттегі құрамы 14 пайыз болса, қаладағылар тұншыға бастайды", - деді ол. Ол сонымен қатар, Алматыдағы лас ауа респираторлық аурулардың себебі болатынын айтты. 

ҚХКП кеңсесіндегі кездесуге қатысып отырған Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Мұрат Батырбаев өз кезегінде 2011 жылдың инвентаризациялау мәліметі бойынша 1 миллион 319 мың көшет барын және оның ішінде ағаштардың да барын айтты. 2014 жылы ағашты заңсыз кесу бойынша сегіз іс қозғалды. "Осы жылы 13 131 аға отырғызылды. 9 ай бойынша құлайын деп тұрған 3724 ағаш кесілді, 26 мың ағаш санитарлық шара мақсатында қырқылды. Үш жыл ішінде 35 мың шіріген және құлайын деп тұрған ағаш кесілді", - деді ол. Басқарма басшысының орынбасары, сонымен қатар, қалада жаңа ағаш отырғызу жалғасатынын айтты. Мұнымен бірге, оның айтуынша, қалада әр тұрғын үшін көшет отырғызу нормасы сақталып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro