Елбасы Грузияның жаңа президентін құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге Грузия Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Саломе Зурабишвилиді Грузия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

"Өткен сайлаудағы жеңісіңіз - ел азаматтарының Сізге деген сенімі мен қолдауының, сондай-ақ Грузияның жаңа жетістіктері мен елдеріңіздің одан әрі өркендеуіне деген үмітін Сізбен байланыстыруының айқын дәлелі. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен түсінушілікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге зор денсаулық, амандық, жауапты қызметіне - табыс, ал достас Грузия халқына - бақ-береке тіледі.

Еске салайық, Грузияда кеше, 29 қарашада өткен президент сайлауында Саломе Зурабишвили жеңіске жеткен еді. 

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің есептеуінше, Зурабишвили 60пайыз дауыс жинаған. Ал оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе шамамен 40 пайыз дауыс жинаған.

Басылымның мәліметінше, сайлауға дауыс берушілердің 56,23 пайызы келген. Сондай-ақ, бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адамның үміткер болғаны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro