Италиямен арада сотталғандарды беру туралы келісімшарт ратификацияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Қазақстан мен Италия арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімшартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының жалпы отырысынан. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Қазақстан мен Италия арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімшартты ратификациялауды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Сенатының жалпы отырысынан. 

"Келісімшарт екі мемлекет арасында сотталған азаматтарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өз отанында өтеу үшін беру мүмкіндігімен байланысты мәселелерді реттейді", - делінген палатаның Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің қорытындысында. 

Келісімшартта сотталғандарды берудің мүмкіндігіне қатысты нақты жағдайлар қарастырылған. Атап айтқанда, егер сотталған адам жіберілетін елдің азаматы болса, егер сот үкімі түпкілікті шығарылған болса, қылмыскер елге жіберілуге келісім берсе, егер оның жасаған әрекеті екі ел үшін де қылмыс деп саналса және екі мемлекет те азаматты беруге келісетін болса ол отанына қайтарылады. Сонымен бірге, онда сотталған адамды қайтару туралы сұраныс берілген уақытта сотталушының жаза өтеу мерзімі бір жылдан кем емес болуы керектігі көрсетілген. 

Егер тараптардың бірі сотталған адамды беру елдің тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке немесе заңнамаға қайшы деп шешсе, сотталған адамға қатысты басқа да қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процестер қозғалатын болса сотталған адамды қайтарудан бас тартылуы мүмкін. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro