31 қазан 2016 | 14:10

Жамбыл облысында 4,6 миллиард теңгеге ИИДМБ-нің төрт жобасы жүзеге асырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында 4,6 миллиард теңгеге ИИДМБ-нің 4 жобасы жүзеге асырылды, деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов 2016 жылғы қаңтар-қыркүйегіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы отырыста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 252750,7 миллион теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі - 103,9 пайыз.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында 4,6 миллиард теңгеге ИИДМБ-нің 4 жобасы жүзеге асырылды, деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов 2016 жылғы қаңтар-қыркүйегіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы отырыста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 252750,7 миллион теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі - 103,9 пайыз.

"Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 10,5 пайызға (26764,6 миллион теңге), өңдеу өнеркәсібінде - 3,7 пайызға (181932,7 миллион теңге) өсуі байқалады. ИИДМБ аясында инвестиция көлемі 18,7 миллиард теңгеге 446 жұмыс орны құрылатын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде құны 4,6 миллиард теңге 235 жаңа жұмыс орны құрылған 4 жоба іске асырылды ("ОАҚК" ЖШС Меркі филиалы - шырын тазалайтын цехты қайта жаңғырту, "Луговой жылқы зауыты" ЖШС - мал шаруашылықтырына қоспажем шығаратын зауыттың құрылысы, "ОңтүстікХалалТағамдары" ЖШС - Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісін салу, "KazMiya" ЖШС - Мія тамырын қайта өндеу зауыты). Шикізат емес экспорт тауарларының көлемі 18,4 миллион АҚШ долларын немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 29,4%-ды құрады", - деді Жомарт Әмірханов.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 159297,8 миллион теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 104,0 пайыз, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі - 85470,9 миллион теңге (НКИ - 106,1 пайыз), мал шаруашылығы - 73311,2 миллион теңге (НКИ - 101,7 пайыз). Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 8 209,9 миллион теңге субсидия қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3 182,1 миллион теңге, облыстық бюджеттен - 5 027,8 миллион теңге. 01.10.2016 жылғы жағдайға 4 538,0 миллион теңге бюджеттік қаражат игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 1 221,7 миллион теңге, облыстық бюджеттен - 3 316,3 миллион теңге.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілері саны 57,9 мың бірлікті немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 77,2 пайыздықұрады.

ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-тамызында 144,9 миллион АҚШ долларын немесе 2015 жылғы қаңтар-тамызына 48,6 пайызды құрады, оның ішінде экспорт тауарлары - 14,4 миллион АҚШ доллары (14,8 пайыз), импорт - 130,5 миллион АҚШ доллары (65,0 пайыз).

Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 116,1 миллион АҚШ доллары. Бөлшек сауда айналымының көлемі 147,8 миллиард теңгені құрады, НКИ-99,4  пайыз (жоспар - 102,6 пайыз). Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 126,2 миллиард теңге сомасында қалыптасып 27,1 пайызға төмендеген.

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеп, 62,3 миллион тоннаны құрады. Жолаушылар тасымалдау - 4,1 пайызға өсті (713,2 миллион адам). Жүк айналымы - 3,8 пайызға төмендеп, 1895,9 миллион тоннаны құрады, жолаушылар айналымы - 16,0 пайызға өсті (5623,4 миллион жолаушы). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 153 510,1 миллион теңгені құрады.

"Бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен 4,2 пайызға артық. Өсім Қытайға транзитті магистралды газ құбыры құрылысына, "Еурохим Каратау" ЖШС Қаратау қаласында минералды тыңайтқыштарды өндіру химиялық зауыттың құрылысына, "Тараз" Химиялық паркі" АҚ АЭА инфрақұрылымы құрылысына және "Жамбыл Недр" ЖШС цемент зауытының құрылысына инвестицияны тарту есебінен қамтамасыз етілді", - Жомарт Әмірханов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети