12 қаңтар 2016 | 11:48

Қазақстан армиясы отандық қауіпсіздік бөгеттерімен қамтамасыз етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан армиясы отандық өндірістің арнайы қауіпсіздік тосқауылдарымен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан армиясы отандық өндірістің арнайы қауіпсіздік тосқауылдарымен қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылы Қазақстан армиясына "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ-тың еншілес кәсіпорны отандық Киров атындағы машина құрастыру зауытынан шығарылған төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын арнайы қауіпсіздік тосқауылдары келіп түсті.

2015 жылы қазақстандық армияның мұқтаждығы үшін зауыт өнімнің жаңа түрі, яғни, төтенше жағдайларға арналған арнайы қауіпсіздік бөгетін жасадщы. Кәсіпорын құрастыру және технологиялық құжаттама пакетін әзірледі, өндірісті дайындауды жүзеге асырды.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында 2015 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 68602 әскери бөліміне 2 мың тосқауыл жеткізілді. Арнайы қауіпсіздік бөгеті бірнеше сегменттен құралған бөлшектелетін жиналмалы торлы құрылымнан тұрады. Оның әрқайсысының ішінде геометкелден жасалған жапсырма орнатылған.

Ведомствоның мәліметінше, тосқауыл әскери іс-қимылдар мен лаңкестікке қарсы іс-шаралар кезінде фортификациялық құрылыстарды тез арада тұрғызу үшін арналған. Сонымен қатар, оны өзендер мен су қоймаларының жағаларын бекіту үшін қолдануға болады.

Бөгет минус 40 градустан плюс 50 градусқа дейінгі температурада қалыпты және суық климат жағдайында ашық ауда пайдаланылады. Айта кетейік, мұндай арнайы қауіпсіздік тосқауылдары АҚШ, Израиль және Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінде белсенді түрде қолданылып жүр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети