Қазақстан мен Италия қылмыскерлерді ұстап беру туралы шартқа қол қойды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян. ©ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян. ©ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазақстан мен Италия арасында қылмыскерлерді ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шарттарға қол қойылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Италия арасында қылмыскерлерді ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шарттарға қол қойылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Қазақстан мен Италия Республикасы арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды. Дауылбаев осы маңызды оқиғаның Еуропалық қауымдастықпен құқықтық қатынастың үдемелі дамуының және Қазақстанның құқықтық жүйесіне сенімнің көрінісі екенін айтып өтті.

Италия - қылмыстық-құқықтық саладағы мемлекетаралық шарттардың толық жинағын жасасқан алғашқы еуропалық елдердің бірі. 2013 жылдың қарашасында екі ел арасында сотталған адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қойылды және Қазақстан оны өткен жылдың күзінде ратификациялады. Шарттар күшіне енген соң екі елде де өзара құқықтық көмек көрсету, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқықтық негіздер пайда болады.

Тараптар шарттарға қол қою қылмысқа қарсы күрес саласындағы әріптестікті нығайту, аталған бағыттағы қадағалау және құқық қорғау органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болғанын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro