Қазақстанда алты айға көлікпен көмір әкетуге тыйым салуды енгізу жоспарланып отыр. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда алты айға көлікпен көмір әкетуге тыйым салуды енгізу жоспарланып отыр. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Көмірді әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті қоғамдық талқылауға шығарды.
Брикеттер, түйіршіктер және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлерін: тас көмірді, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді автомобиль көлігімен алты ай мерзімге экспорттауға тыйым салу жоспарланған (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарының номенклатура коды 2701).
Жылыту кезеңінің басында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдардың деректері негізінде 2021-2022 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық және тұрғындар үшін көмір өнімдерінің қажеттілік жоспарын қалыптастырды.
"Осы жоспарға сәйкес, көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,6 миллион тонна, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға - 2,6 миллион тонна, халыққа - 7 миллион тонна.
Сонымен қатар, қыркүйекте ауа райының салқындауына байланысты елдің орталық және солтүстік аймақтарында көмірге сұраныс күрт өседі.
Осы жағдайды пайдалана отырып, жосықсыз алыпсатарлар көмірді сатып алудың ең жоғары кезеңінде көмір бағасына "айналымдарын" қосты, яғни 13 мың теңгеден сатып алып, тоннасына 30 мың теңгеге дейін қайта сатты, бұл халық үшін кері әсерін тигізді. БАҚ арқылы тұрғындардан ішкі нарыққа арналған көмір экспортқа шығарылады деген өтініштер келіп түсті", - делінген түсіндірме жазбада.
Талдау көрсеткіші көрші елдерге көмір экспорты, атап айтқанда: Қырғыз Республикасына 19 пайызға, Өзбекстан Республикасына 30 пайызға артқанын көрсетті.
"Халықты көмірмен және энергетикалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша дүрлікпені болдырмау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ең жоғары кезеңде, яғни 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 6 айға көмірді көлікпен әкетуге тыйым салу орынды деп санайды.
2022 жылғы 8 шілдедегі сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмір әкетуге уақытша тыйым салуды белгілеудің орындылығы қолдау тапты", - делінген құжатта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!