Құрманғазы мен Пушкиннің постерін салушылар соттан Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұжымының көпшілік алдында кешірім сұрау туралы бөлімі қарастырылған шағым бойынша істі тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Құрманғазы мен Пушкиннің постерін салушылар соттан Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұжымының көпшілік алдында кешірім сұрау туралы бөлімі қарастырылған шағым бойынша істі тоқтатуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.
Соттың істі қарауы аяқталды, сотта тараптарды қатар тыңдау өтті. Шағымданушылардың өкілі атышулы принтті жасаған жарнама агенттігінің Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы қызметкерлерінің жеке-мүліктік құқығын бұзғанын айтты, сонымен бірге, ол Бішкекте өткен фестивальге қатысу постерді Интернетте таратумен бірдей екенін жеткізді. Бастапқы кезде 34 миллион теңге болған моральдық шығын сомасын шағымданушылар соттың анықтап беруін сұрады. Мұнымен қатар, консерватория ұжымы принтті жасаушылардың республикалық БАҚ-тардың бірі арқылы кешірім сұрауын талап етті.
Айыпталушылардың қорғаушысы Жохар Өтебеков Қазақстан заңнамасында көпшілік алдында кешірім сұрау сияқты норма қарастырылмағанын мәлімдеді. Заңгердің айтуынша, олар адамның конституциялық құқығына қарсы шығып отыр. Сондықтан Өтебеков соттан көпшілік алдында кешірім сұрау туралы бөлімі қарастырылған шағым бойынша істі тоқтатуды сұрады. Айыпталушылар қауіпті жағдай болмауы үшін соттан моральдық шығын өтеу бөлімінде шағымды қабылдамауды сұрады. Қорғаушы жарнама агенттігінің жұмысы шағымданушыларға тікелей бағытталмағандығын жеткізді. Агенттіктің бас директоры Дария Хамитжанова болса Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген постер шыққаннан кейін келесі күні компанияның Интернетте ресми түрде кешірім сұрағанын, оны БАҚ-тар таратып жариялағанын қосып айтты.
Еске сала кетейік, "Студия 69" клубын жарнамалайтын постер 24 тамыз күні әлеуметтік желілерде тарала бастады. Бұл жұмыс қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды, олар постер авторларын жауапкершілікке тартуды сұрап, полицияға шағымданды. Айта кетейік, компания ресми түрде кешірім сұрап, Құрманғазы мен Пушкин бейнеленген принттің еш жерде жарияланбайтынын, оның тек байқауға қатысу үшін ғана жасалғанын атап өтті.
Бұған дейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Құрманғазы мен Пушкиннің сүйіскені бейнеленген постерді жасаушыларға айыппұл салған еді. Әкімшілік хаттаманы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы толтырды. Хамитжановаға 129 640 теңге, ал оның агенттігіне 185 200 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Агенттік сот шешіміне шағым келтіргісі келген, бірақ кейін апелляциялық сотта ұтылып қалды.
Бұдан кейін постер авторларының үстінен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы ұжымы сотқа шағымданды. 34 адам жарнама агенттігінен 34 миллион теңге талап етіп отыр. Жарнама авторлары арызданушылармен ымыраласқысы келген, бірақ қарсы тарап бұған келіспеді.