Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін өшірілетін нормасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін өшірілетін нормасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство министрінің блогына қолданушы Олег Арестов былай деп сұрақ қойды: Түсіндіріп беріңіздерші, жол қозғалысы ережесін бұзуға салынған айыппұл бір жылдан кейін сот арқылы орындалмаған болса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 890-бабының негізінде оларды орындауға жата ма?".
Министрліктегілер бұл мәліметті растады. "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 886-бабының "Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға келтіру" 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен осыған уәкілеттік берілген органдар орындауға келтіреді. Әкімшілік өндірістердің кейбір түрін орындау тәртібі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 52-тарауда қарастырылған (892-918-баптар). Айыппұлды бір жыл ішінде орындау процедурасы өткізілмесе, ол орындауға жатпайды", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері.